
ЕҢБЕК АДАМЫ. БЕДЕЛІҢ – СӘУЛЕТІҢ, ЕҢБЕГІҢ – ДӘУЛЕТІҢ
Асқар Бекішұлы Яхиянов 1971 жылдың Тарбағатай ауданы Қамысты ауылында дүние есігін ашты. Өмірдің жаңа белесіне қадам басқан ол, 1978 жылы С.Торайғыров атындағы сегіз жылдық мектептің табалдырығын аттап, білім нәрімен сусындады. 1986 жылы осы білім ордасын аяқтап, Ақжар ауылындағы СПТУ-29 училищесінде 1986-1989 жылдары оқып, арман қуып, мақсатқа жету жолында талпынды. 1989 жылы әскерге шақырылып, 1991 жылы Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен өтеп келді.
Еңбек жолын 1995 жылы «С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі» КММ-де күзетші болып бастаған Асқар Бекішұлы, жылдар бойы аянбай еңбек етіп, мектептің әрбір ісіне жауапкершілікпен қарады.
2006 жылдан бастап осы мектептің шаруашылық меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Отбасында сүйікті жары Ардақпен бірге бір қыз, екі ұлды тәрбиелеп, өмірге бағыт-бағдар берген ардақты әке. «Беделің – сәулетің, еңбегің – дәулетің» дегендей, Асқар Бекішұлы өз әріптестері арасында зор беделге ие, абыройы асқақ жан. Ол өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды, әрбір ісінде тиянақтылық пен мұқияттылықты жоғары бағалайды.
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподағы