
БУРАБАЙҒА БАҒЫТТАЛҒАН САПАР
🏔️Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен 50-ге жуық кәсіподақ мүшелері Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхат жасап қайтты. Саяхаттың мақсаты – ұстаздардың таным көкжиегін кеңейтіп, мәдени-тарихи мұралармен жақын таныстыру және олардың еңбегіне құрмет білдіру.
⛰️Саяхат барысында қатысушылар Бурабайдың көрікті жерлерін аралап, табиғатпен етене тыныстады. Абылай хан алаңы, Көкше тауы, Жұмбақтас, Оқжетпес сынды тарихи орындармен танысып, ұлттық рухты көтеретін мәнді де мазмұнды саяхатқа куә болды.
📚Сапарға облыстық деңгейдегі шараларда белсенділік танытқан кәсіподақ мүшелері қатысты. Олардың қатарында білім саласындағы облыстық спартакиаданың жеңімпаздары мен “Ұстаз сақасы” байқауының жүлдегерлері бар. Бұл өз саласында жетістікке жеткен ұстаздарға көрсетілген құрмет пен қолдаудың бір көрінісі.
🏕️Саяхат соңында қатысушылар ерекше әсермен оралды. Олар мұндай шаралар мұғалімдер қауымына жігер беріп, кәсіби шабыттарын арттыратынын атап өтті.
🖇️Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы алдағы уақытта да осындай мазмұнды шараларды ұйымдастыруды жалғастыра бермек…
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-