
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Атқару комитетінің отырысын өткізді.
Алқалы жиынды облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, 2025 жылдың І жартыжылдықта облыстық ұйымның атқарған жұмыстарын айтып, күн тәртібі мен жұмыс регламентін таныстырып, бекітті.
Аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары мен облыстық ұйымның аппарат қызметкерлері қатысқан жиында Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының атқарған жұмысы, құжат айналымын цифрлық форматқа көшіру жұмыстарының жай-күйі, Сарқан, Алакөл аудандық филиалдарында сала қызметкерлеріне қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ықпал ету, қаржылық қызметті ұйымдастыру және бухгалтерлік есеп жүргізу жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Жоғары да көрсетілген күн тәртібіне сәйкес Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков, облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Алуа Қабдулова, Алакөл ауданды кәсіподақ филиалының төрағасы Кенжебек Алпысбаев, Сарқан аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Ермек Алинов және облыстық ұйымның бас есепшісі Айгүл Арымбаева баяндама жасады.
Әр мәселе бойынша Атқару комитетінің мүшелері қаулылар қабылдап, қажетті шешімдерді шығарды.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі