
АКЦИЯ «МЕН КӘСІПОДАҚТАМЫН, СЕБЕБІ...»
Айтбаева Альфия Шерипбаевна, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№8 «Алтын сақа» бөбекжайында дене шынықтыру нұсқаушысымын.
Мен кәсіподақ мүшесімін, себебі «Менің қолымнан бәрі келеді»-деп айтуыма және үлкен сеніммен алға талпынуыма себепші болды.
Кәсіподақ – әрбір жетістігімді еледі, менің алда жүріп, қоғамға өз үлесімді шынайы қосуыма мұрындық болды.
Мен мектепке дейінгі салада қызмет атқарып, балалардың кішкентай жүрегіне үлкен жол аштым. Менің жүрек қалауым, балалардың денсаулығы мен жан-жақты дамуына үлес қосу. Әрбір ұйымдастырылған іс-әрекетімді тек қана қимыл-қозғалыс емес, бала бойындағы ынта-жігер мен тәртіпті, жауапкершілікті қалыптастыратын мүмкіндік деп білемін.
Басты мақсатым – балаларды салауатты өмір салтына баулу, ұлттық және заманауи ойындар арқылы олардың қызығушылығын арттырып, әрбір баланың қабілетін ашу. Балалармен жұмыс істеу маған үлкен қуаныш сыйлайды, әрбір жетістік-менің еңбегімнің нәтижесі. Ұжыммен тіл табысып, жаңашылдыққа ұмтылып әрдайым ізденіс үстінде жүру- менің кәсіби ұстанымым. Алдағы уақытта білімімді ұштап, балаларға пайдасы мол іс атқаруға бар күшімді саламын.
Өз жұмысымды жақсы көремін, өз пікірімді қорғай аламын, сондықтан да мен кәсіподақтамын!
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы