
МАҢҒЫСТАУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Тарбия Баймбетова, аппарат қызметкерлері, комитет мүшелері, Тексеру комиссиясының өкілдері қатысты.
Шара өңірдегі кәсіподақ қозғалысының негізгі жұмыс бағыттарын талқылап, ішкі тиімділігін арттыру алаңына айналды.
Кездесу іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Күн тәртібінде кәсіподақ құрылымының беріктігі мен өміршеңдігі тікелей байланысты: қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, кәсіподақ қызметін одан әрі дамыту, ақпараттық белсенділік және мүшелерді ынталандыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы Р.Н. Текеева еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қадағалауға, білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін заманауи қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қатысуға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы айтып өтті, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру, мекемелерде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында қолға алынған шаралар мысал ретінде келтірілді.
Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы Мухашева Р.С қаржылық қызметті ұйымдастыру және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жұмыс жағдайы туралы мәлімдеді.
Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарының бірі – ұжымдық шарттар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл мәселеге байланысты Ақтау қалалық филиалының төрағасы Енсегенова К.К. филиалда 2024 жылғы ұжымдық-шарттық жұмысының қорытындысы туралы есеп берсе, облыстық кәсіподақтың құқықтық қызметтер жөніндегі маманы Сулейменов Р.Д. өткен жылы жасалған ұжымдық шарттардың мазмұнына, әлеуметтік кепілдіктердің орындалуына және шарттардың заң талаптарына сәйкестігіне талдау жасап, бірқатар нақты көрсеткіштерді келтірді. Ұжымдық шарттар арқылы білім саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау күшейгені айтып, толықтырды.
Бейнеу аудандық филиал төрағасы Есбергенов Р.А. іс жүргізуді ұйымдастыру және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы есеп берсе, облыс төрағасы Т.Баймбетова машықтық, әдістемелік көмек пен зерделеу жұмысын ұйымдастыруды жоспарға қоюды ұсынды. «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нурбосынов Б. «Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы ұйымдастыру жұмыстары туралы» атқарылған нақты жұмыстарды атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша әр қаралған бағыт бойынша нақты шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді. Атқару комитеті облыстағы кәсіподақтардың рөлін күшейту және дамудың бағыттарын белгіледі.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-