
КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы ұйымдастырған көшпелі семинар Қаратал ауданында жалғасын тапты.
Семинарға білім беру ұйымдарының әкімшілігі, атап айтқанда мектептер мен балабақшалардың басшылары және орынбасарлары, сондай-ақ бухгалтерлері қатысты.
Шараны Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, мақсаты мен міндетін айқындап, кәсіподақ мүшелерінің жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнату, олардың еңбек қатынастарында, жалақы мен демалыс, аттестациядан өтуге байланысты туындап жатқан сұрақтарға жауап беруге негізделгенін жеткізді.
Алқалы жиында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Әкімғазы Ерленов, Қаратал аудандық прокуратурасының прокуроры Әділет Әлімқұлов, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы Нариман Смағұлов, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан сөз алып, білім саласындағы өзгерістерді жеткізіп, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіндегі жұмыс берушінің міндеттеріне қатысты заң нормаларын түсіндіріп, білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне құқықтық кеңес берді. Кездесу барысында туындаған сұрақтарға да жауап берілді.
Жетісу облысы кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-