
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ІС ЖҮЗІНДЕ
Қарағанды облысы, Саран қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Әйгерім Акпарова Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының құқықтық инспекторы Татьяна Миллермен бірлесіп, әлеуметтік әріптестер - Саран қаласының білім беру ұйымдарының директорларымен жоспарлы және мазмұнды жұмыс жүргізді.
Бірлесіп қызмет көрсету аясында жұмыс кездесулері мен консультациялар өткізіліп, еңбек жағдайлары, еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі сияқты маңызды мәселелер талқыланады, білім беру ұйымдарының басшыларына құқықтық түсініктемелер мен ұсынымдар беріледі.
Тұрақты кездесулер, бірлескен талқылаулар және келісілген іс-шаралар әлеуметтік әріптестік қатынастарды нығайтуға және еңбек ұжымдарында қолайлы ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.
Ынтымақтастықтың бұл форматы – оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерінің тұрақтылығының, өзара түсіністігінің және құқықтарын қорғаудың негізі.
-
Фото
-