
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Озық идеяларын жүзеге асырып жүрген шығармашыл ұстаз, өз ісінің шебері, педагог-сарапшы Масенов Мейіржан Құдайбергенұлы Е.Әуелбеков атындағы №4 Қызылорда облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының республикалық кезеңінің жүлдегері. Облыстық, республикалық семинарларда кәсіби және шығармашылық іскерлігін танытып, озық іс-тәжірибесімен бөлісіп жүр. Білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хатына ие болды.
«Ұлы дала ғылымы және жастар» тақырыбындағы республикалық «Үздік ғылыми жоба» байқауына шәкірттерін дайындап, ғылым әлеміндегі жемісті еңбегі үшін марапатталды.
Шәкірттері облыстық, республикалық деңгейлердегі пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларда үздік нәтижелер көрсетіп, мектеп беделін биіктетті.
Мектептегі қоғамдык жұмыстарға белсене атсалысады. Мектепте жастар комитетінің төрағасы. Жас ұстаз болса да, үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген Мейіржан Құдайбергенұлы нағыз жаңашыл, ізденімпаз, өз ісіне шын берілген маман. Ол заманауи білім берудің талаптарына сай кәсіби дамып келе жатқан, шәкірт жүрегіне жол таба білген, білімімен де, болмысымен де көпке үлгі болатын ұстаз.
Қазіргі таңда дарынды оқушылары ҰБТ-дан жоғары нәтижелер көрсетіп, мектеп абыройын көтеруде.