
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Жас маманнан шебер ұстазға дейінгі жолды нық басып келе жатқан білікті педагог – Жиенбаева Жаңалық Мұратқызы. Ол Қызылорда облысы, Арал қаласындағы №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2020 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін үздік дипломмен тәмамдап, педагогикалық қызметін бастаған. Қазіргі таңда еңбек өтілі 5 жыл. Өз ісіне адал, жаңашыл көзқарасты, шәкірт жүрегіне жол таба білетін педагог-сарапшы.
Жаңалық Мұратқызы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының жүлдегері және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған «Үздік педагог-маман мақтанышы» атты ІІ Халықаралық пәндік педагогикалық олимпиадасың жеңімпазы, «Маман мақтанышы» төсбелгісінің иегері. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тәрбиелеген шәкірттері олимпиадалар мен түрлі оқулар, сайыстар, эссе байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр. ҰБТ-ға дайындауда үлкен тәжірибесі бар, талай түлектің болашағына бағыт-бағдар берген.
Сонымен қатар, облыстық және республикалық деңгейде тәжірибе таратып, өз әріптестерімен әдістемелік жаңалықтарымен бөлісіп келеді.
Осындай ізденімпаз, еңбекқор, шығармашыл ұстаздар ел болашағының тірегі. Жаңалық Мұратқызы өз ісінің шебері, нағыз заманауи ұстаз бейнесі!