
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы. Бұл қасиетті мамандықты жүрек қалауымен таңдап, әрбір балаға мейіріммен қарап, шынайы жанашырлықпен еңбек етіп жүрген білікті педагог – Қалдыбек Айдана Бауыржанқызы.
Айдана Бауыржанқызы 2019 жылы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетін аяқтап, педагогикалық қызмет жолын бастады. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық білім басқармасына қарасты №2 балалар оңалту орталығында педагог-логопед қызметін атқарады. Еңбек өтілі – 5 жыл.
Ол өзінің кәсіби міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әр балаға жеке көзқараспен, ерекше ықыласпен қарайды. Жас маман бола тұра, аз уақыттың ішінде білімімен, іскерлігімен, адамгершілігімен көптің көңілінен шығып үлгерді.
Айдана Бауыржанқызы өзінің педагогикалық тәжірибесін үнемі шыңдап, түрлі кәсіби байқаулар мен жобаларға қатысып келеді. Ол бірнеше мәрте түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болған.
«Үздік педагог – 2022», «Үздік педагог – 2025», «Панорамалық идеялар» байқауының ІІ орын иегері.
Ол тек оқыту мен тәрбиелеу ісінде ғана емес, сонымен қатар облыстық деңгейдегі семинарларда өз тәжірибесімен бөлісіп, әріптестеріне озық әдістемелерді, тиімді тәсілдерді насихаттап жүрген ұстаз. Бұл – оның кәсіби біліктілігінің, жаңашылдығының айғағы.
Айдана Бауыржанқызының жетекшілігіндегі тәрбиеленушілер облыстық және республикалық байқауларда үздік нәтиже көрсетіп, орталықтың абыройын асқақтатып келеді.
Ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашыл маман. Заманауи әдіс-тәсілдерді, цифрлық ресурстар мен практикалық жаттығуларды шебер қолданып, балалардың танымдық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Қалдыбек Айдана Бауыржанқызы кәсібіне шексіз адал, жаңашылдыққа жаны құмар, баланың ішкі әлеміне үңіле алатын нағыз өз ісінің шебері. Оның еңбегі ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағына қаланған берік негіз.