
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА
Маңғыстау облысы білім басқармасы, аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауымен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары мен қызметкерлері арасында Спартакиада өткізілді.
Жарыс Мұрын Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледж базасында ұлттық спорт түрлері: асық ату, бес асық және тоғызқұмалақтан бастау алды.
Спартакиада үстел теннисі, ерлер, әйелдер арасындағы волейбол, баскетбол, шағын футбол жарыстарымен жалғасты. Жарысқа 500 астам сала қызметкері қатысып, бақ сынасты.
Спорт түрлері бойынша қорытынды есепте жеңімпаз деп танылған командалар маусым айының 2-8 аралығында Алматыда өтетін республикалық Спартакиадаға жолдама алды.
-
Фото
-