
ТЕМІР АУДАНЫНДА КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Оқу жылының аяқталуына орай Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова Кеңқияқ өңірінде білім беру саласында еңбек етіп жүрген 70-тен астам кіші қызметкерді Алғыс хат және қаржылай сертификатпен марапаттады.
Марапатталған қызметкерлердің арасында мектептердің тазалықшылары, күзетшілер, қазандық операторлары, еден жуушылар мен өзге де техникалық персонал өкілдері бар.
Назгүл Сәбенова марапаттау рәсімі барысында өзінің құттықтау сөзінде:“Кіші қызметкерлер – білім ордаларының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі тіректердің бірі. Олардың адал еңбегі мен жауапкершілігі әрқашан жоғары бағалануға лайық. Біз олардың еңбегін елеусіз қалдырмай, алғысымызды білдіруді маңызды санаймыз,” – деп атап өтті.
Іс-шара Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама – кәсіподақ тарапынан қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің жарқын көрінісі.
Темір аудандық кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да сала қызметкерлерінің құқығы мен абыройын қорғауға, әлеуметтік қолдауға бағытталған шараларын жалғастыра бермек.