
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Мұқан Төлебаев – Қызылорда облысы, Арал ауданы, №262 Ұ.Қараманов атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі. Ол – өз ісінің шебері, тәжірибелі және дарынды ұстаз.
Республикалық "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" байқауының республикалық кезеңінің жүлдегері, сондай-ақ Арал ауданы бойынша "Үздік математика пәні мұғалімі" номинациясының иегері. Мұғалім өз тәжірибесін облыстық және республикалық деңгейлерде табысты таратумен қатар, жас ұрпақты тәрбиелеуде зор жетістіктерге жетуде.
2022 жылы "Жас ұстаз – 2022" жас мамандар байқауына қатысып, жүлделі орын иеленген. Сонымен қатар, тәрбиелеген шәкірті "Алтын түлек" оқушылар олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегері атанған.