
ТАЛДЫҚОРҒАНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филалының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект мүмкіндіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану» тақырыбында семинар-тренингті «ABM Education Grour» білім беру орталығының тренері Айжан Адамбекова өткізді.
Семинарға қалалық кәсіподақ филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысып, білімдерін толықтырды.
Семинар барысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің докторанты және оқытушысы Айжан Адамбекова қатысушыларды педагогикалық қызметке арналған заманауи жасанды интеллект құралдарымен таныстырды.
Қала мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары оқу-материалдарын әзірлеу, оңтайландыру және жекелендіру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалануды үйренді. Сонымен қатар, ChatCPT. MagicSchool AI, TurboScribe, Eduaide қызметтерінде тіркелуді және аккаунттарын баптау дағдыларын меңгерді.
Семинар соңында қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Айым Еріққызы семинарға қатысушыларға алған білімдерін педагогикалық тәжірибеде қолдану тиімділігін айтып, семинар тренері Айжан Маманқызына алғысын білдірді. Кәсіподақ белсенділеріне сертификаттар табысталды.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы
-
Фото
-