
ҚАРҚЫНДЫ ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДАҒЫ СЕМИНАР
Салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымы Көкпекті ауданында білім ұйымдарының басшылары, кәсіподақ төрағалары және Келісу комиссиясы мүшелері үшін «Білім беру ұйымдарындағы келісу комиссиясы» тақырыбында семинар өткізді.
Дәріскерлер ретінде Абай облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Ибраев және ұйымның құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Н.Абдулкаримова сөз сөйледі.
Семинар аясында кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттері, ұжымдық келіссөздер жүргізу тәртібі, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасау, келісу комиссияларының жұмысына қатысты мәселелер қаралды.
Еңбек заңнамасындағы өзгерістерге, сондай-ақ білім саласындағы нормативтік актілерді қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылардың еңбек құқығы саласындағы өзекті сұрақтарына жауап берілді. Семинар аясында қатысушылар алған білімдерін даулы жағдайларды талдау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау арқылы іс жүзінде қолдана алатын тәжірибелік сабақ алды. Семинар соңында белсенді әлеуметтік әріптестер - Көкпекті орта мектебі, Көкжайық орта мектебі, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі, Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, Шаріптоғай негізгі мектебі, Воздвиженка бастауыш мектебі, Преображенка орта мектебінің директорлары «Белсенді әлеуметтік әріптес» төсбелгілерімен марапатталды және келісу комиссиясының мүшелеріне сертификаттар табыстылды.
Семинарға қатысушылар Абай облыстық ұйымы тарапынан өткізілген семинардан ауқымды, мазмұнды ақпарат алғандарын атап өтіп, сұрақтарына жауап алғандары үшін алғыстарын білдірді.
Шара соңында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында білім мекемелерінде бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатқан кіші қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.
Абай облыстық ұйымының Көкпекті аудандық кәсіподақ комитеті
-
Фото
-