
МАҢҒЫСТАУДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІ ОҚЫТЫЛДЫ
15 мамыр күні Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының құқықтық қызметтер жөніндегі мамандары Р.Сүлейменов және С.Умарбаев Жаңаөзен қаласының оқу-әдістемелік орталығының келісу комиссиясы мүшелеріне «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарда Келісу комиссиясы мүшелеріне семинар тақырыбына қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар берілді.
Маңғыстау облыстық ұйымының құқықтық қызметтер жөніндегі маманы Р.Сүлейменов семинардың мақсат-міндеттері туралы айтып, оқыту семинары барысында Комиссия мүшелерінің біліктілігін арттырудың маңыздылығы мен еңбек дауының алдын алу және нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. .
Жеке еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу барысында талап нормаларының сақталуын басты назарға алу қажеттігі айтылды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сертификаттар табысталды.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы.
-
Фото
-