
БАЛАБАҚША ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Астана қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Астана қаласы әкімдігінің № 58 «Өркен» балабақшасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Батыр Әлиев кәсіподақтың қызметі, оның кепілдіктері, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
-
Фото
-