
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, СОҒЫС АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Ақтау қаласы білім бөлімінің Р.Қабылов атындағы №3 жалпы білім беру мектебі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Майданда – жауынгер, өмірде - ұстаз» алғашқы ұстаз, соғыс ардагері Рамазан Қабыловты еске алу кеші жоғары деңгейде өтті.
Кеш басталғанға дейін Р.Қабыловтың өмірі мен қызметі жайлы көрме ұйымдастырылып, ардагер туралы ақпарат берілді.
Маңғыстаудың төл перзенті, Ұлы отан соғысының ардагері, Ақтау қаласының алғашқы ұстазы, ҚР Оқу-ағарту ісінің үздігі, Еңбек ардагерінің есімі №3 білім ордасына 2023 жылы берілген.
Кешті облыстық маслихат депутаты Н.Тумышов құттықтау сөзімен бастап, Рамазан ағайдың адами қасиеттерін айта келе, соғыс ардагерлерінің ел мен ұлтқа сіңірген еңбектері мен шынайы патриотизмінің бүгінгі жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол екендігін атап өтіп, білім ордасынан шығатын шәкірттердің де білімді, саналы, еңбекқор болып өсулеріне тілек білдірді.
Сондай-ақ Рамазан ағайдың шәкірттері де сөз сөйлеп ұстазға деген құрметтерін , еңбегіне алғыс білдірді.
Кеш соңында Рамазан Қабыловтың ұрпақтары айтылған жылы лебіздерге алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы.
-
Фото
-