
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Білім – адам өміріндегі ең құнды байлықтың бірі. Осы байлықты жас ұрпаққа жеткізуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың бірі – Жандос Мейрамбек Өтегенұлы.
1977 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген Мейрамбек Жандос 2009–2014 жылдары М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде №3 жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы болып қызмет атқарады.
16 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз өз ісіне берілген, шәкірт тәрбиелеуде зор табысқа жеткен тәжірибелі маман. Мейрамбек Өтегенұлы түрлі республикалық және облыстық спорттық сайыстардың жеңімпазы, соның ішінде республикалық дойбы жарысының үш дүркін жеңімпазы, асық ату мен тоғызқұмалақтан жүлдегер атанған.
Мейрамбек Өтегенұлы – жаңашыл педагог. Ол сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдер мен цифрлық құралдарды тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыра біледі. Шәкірттерінің жетістіктері оның кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен ізденімпаздығының нәтижесі.
Қазіргі таңда ол – тек үлгілі мұғалім ғана емес, жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер, ұжым мен оқушылар арасында зор беделге ие азамат.
Мейрамбек Өтегенұлы – өз ісін жүрегімен сүйетін, шынайы кәсіби ұстаз. Осындай ұстаздар – білім саласының тірегі.
-
Фото
-