
ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС
Ақтөбенің Әйтеке би және Мәртөк, Ойыл, Қарғалы, Ырғыз ауданында және қаламыздағы кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ерекше маңызға ие іс-шара өтті. Білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткен бұл шарада Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген және Семей полигонында әскери қызмет атқарған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында облыстық білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлескен Алғыс хаттары табысталып, ардагерлерге естелік сыйлықтар мен шипажайға жолдама ұсынылды. Мұндай ілтипат ерлікке деген ел құрметінің айғағы іспеттес.
Кеш барысында ардагерлердің ерлігі мен еңбегі, бүгінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі туралы жылы лебіздер айтылды. Қатысушылар ардагерлердің отансүйгіштік рухы мен қайсарлығын ерекше атап өтіп, олардың бейбіт өмір жолындағы үлесі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.
-
Фото
-