
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Астана қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Астана қаласы әкімдігінің №8 мектеп-лицейі ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Батыр Әлиев кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, кәсіподақ мүшелеріне берілетін кепілдіктер, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және заңды құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Іс-шара ашық әрі еркін диалог форматында өтті. Кездесу соңында ұжым мүшелері көкейлерінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды.
-
Фото
-