• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ БІ…

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС

Балқаш қаласының Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін семинар-кеңес өтті. Іс-шараны Қарағанды облысы бойынша білім басқармасы және мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментімен бірлесіп, Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымы ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты-білім беру саласындағы еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін талқылау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтың рөлін түсіндіру.

Семинар жұмысына облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмагүл Ракишева, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы — мемлекеттік еңбек инспекторы Саягүл Еркебекова, облыстық кәсіподақтың құқықтық инспекторлары Латиф Гасанов және Татьяна Миллер қатысты.

Алмагүл Ракишева өз сөзінде кәсіподақ қызметі, ұжымдық шарттардың маңыздылығы және кәсіподақ мүшелерін қолдау туралы толық айтып берді. Құқықтық аспектілерге, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге және еңбек дауларын шешуге ерекше назар аударылды.

Саягүл Еркебекова жұмыс берушінің міндеттеріне, қызметкерлердің құқықтарына және білім беру ұйымдарындағы еңбек және демалыс режимін сақтауға баса назар аудара отырып, еңбек заңнамасының негізгі нормаларын атап өтті. Ол Еңбек кодексінің талаптарын сақтаудың маңыздылығын және оларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартыралатындығын еске салды.

Татьяна Миллер 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге шолу жасап, онда көзделген білім беру жүйесінің қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерге егжей-тегжейлі тоқталды. Олардың ішінде қосымша демалыс күндері, өтемақы төлемдері, әлеуметтік қолдау шаралары және келісімде бекітілген кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Семинарға қатысушылар жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі мәселелерін талқылады, білім беру ортасындағы кәсіподақтың рөлін күшейту бойынша тәжірибе мен ұсыныстармен алмасты.

Іс-шара соңында көп жылғы еңбегі және өз ісіне адалдығы үшін салалық және облыстық кәсіподақтың құрмет грамоталарымен кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Салалық кәсіподақтың «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен: «Айгөлек» бала-бақшасының басшысы Ибышева Гульнар Торемураовна,

Салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен 10 арнайы мектеп-интернатының басшысының орынбасары Садвокасова Ольга Константиновна, Салалық кәсіподақтың алғыс хатымен Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Исабаева Айман Турсымбековна,

Облыстық кәсіподақ құрмет грамотасымен №24 мектеп-иентернатының бас есепшісі Амрина Салтанат Кабылкызы,

Облыстық кәсіподақтың алғыс хатымен М.Русаков атындағы мектеп-интернатының аға медбикесі Жалбаева Сауле Алмагамбетовна, «Балқаш қаласының технология және сервис колледжінің» әдіскері Абенова Асель Ормановна марапатталды.

Марапатталушы әріптестерді құттықтаймыз, алдағы еңбектеріне сәттілік тілейміз!

Жарияланған күні: Сәуір 11, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты