• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫН…

КӘСІПОДАҚТАР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: АҚТӨБЕ МЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ АРАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

✔️Бүгін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері арасында кездесу өтті. Бұл шара екі өңірдің кәсіподақтары арасындағы тәжірибе алмасу және білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

📎Басқосу барысында ұстаздардың әлеуметтік және құқықтық жағдайы, кәсіби даму мәселелері, сондай-ақ кәсіподақтардың білім саласына қосар үлесі туралы сөз болды. Сондай-ақ, кездесуде қос тарап білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

🔹Кездесудің негізгі мақсаты – білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтарының арасындағы тәжірибе алмасу. Мұндай тәжірибе алмасу кездесулері білім қызметкерлері үшін маңызды, себебі олар өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылап, кәсіподақтар арасындағы байланыстарды нығайтады.

✅Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері өз өңірлеріндегі ұстаздардың жұмыс жағдайы, білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және кәсіподақтардың жұмысына қатысты өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдістер мен жаңа бастамалар жайлы сөз қозғады.

🗞️Басқосуда Хромтау ауданы №1 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Салтанат Оразбаева, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Райгүл Бөлебаева және М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Арыслан Құрашев өз мекемелерінде жүргізіліп жатқан кәсіподақ жұмыстары жөнінде мәлімет беріп, тәжірибе алмасу мақсатында ой бөлісті.

❇️Кездесу барысында екі облыстың кәсіподақ өкілдері кәсіподақтардың рөлін, ұстаздардың еңбек шарттарын жақсарту жолдарын және білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері Ақтөбе облысының кәсіподақ ұйымының тәжірибесіне қызығушылық танытып, білім беру саласындағы бірқатар жаңашылдықтарды енгізуге дайын екендерін білдірді.

🔸Жиын соңында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақтары арасында өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Меморандум білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Оған сәйкес, кәсіподақтар білім қызметкерлерінің әлеуметтік қолдауын күшейту, кәсіподақ мүшелерінің кәсіби дағдыларын арттыру, олардың құқықтарын қорғау және ұстаздардың жұмыс жағдайын жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады.

📃Меморандумның негізгі мақсаты – екі облыс арасында ақпарат алмасуды дамыту, кәсіподақтардың білім саласындағы тәжірибесін өзара тиімді негізде пайдалану және ортақ жобаларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, білім беру саласындағы өзара тәжірибе алмасу ұстаздардың кәсіби дамуында маңызды рөл атқаратыны айтылды. Бұл жұмыс кәсіподақтар мен білім беру мекемелерінің бірлігін нығайтып, қоғамдағы білімнің сапасын арттыруға зор ықпалын тигізеді

🔆Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері арасындағы кездесу екі өңір арасындағы ынтымақтастықты арттырып, ұстаздардың әлеуметтік және құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

⚜️Айта кетейік, аталмыш шара Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жүз жылдығы аясында өткізілді.

Жарияланған күні: Сәуір 9, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты