• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АДАМ К…

АДАЛ ЕҢБЕК – АДАМ КӨРКI

Өз кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Менің де осы өмірдегі таңдауым-«Ұстаздық»! Себебі «Ұлағатты» деген ұлы сөздің өзі де тек Ұстаз сөзіне тіркеліп, үлкен мәртебе беріп тұрғаны айдан анық.

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» - деп, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов атап айтқандай, аянбай еңбек ете білу.

Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды.

Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады.

Бұрын «алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсінік бар еді. Заман ағымына сай, енді оның орнын «Өмір бойы оқы және үйрен!» деген қағида алмастырды.

Заманауи мұғалім – ол кәсіби маман. Оның кәсіби шеберлігі кәсіби қажеттілігімен анықталады. Қазіргі мұғалімнің айрықша ерекшеліктері – оның үнемі өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі сынауы, эрудициясы және жоғары жұмыс мәдениеті.

Қазіргі заманда еңбек мәдениеті өзгеруде және адамның кәсіби ұтқырлығын, адамның жаңа технологияларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды игеруге дайындығын қамтамасыз ететін іргелі білім берудің рөлі артып келеді. Ақпараттық және пәндік әлемнің виртуалды және нақты әлемнің, толықтырылған шындық объектілерінің өнімдерін біріктіретін техникалық құралды пайдалана отырып, өзге тілді мектепте мемлекеттік тілді меңгертуде мен ЖИ, Hand Animation, JAMBOARD тақтасымен жұмыс, Kahoot, Mentimeter, Miroboard онлайн тақтасы, QUIZLET платформасы, EDU CAPLAY, Joyteka, Mozaweb, Qazmatch сынды платформалар мен әдістерді қолданамын, олар әрі тиімді және қызықты.

Сонымен қатар қазіргі таңда мен Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты «№155 жалпы білім беретін мектеп» ұжымында ұзақ уақыттан бері бастауыш кәсіподақ төрағасы қоғамдық қызметін қоса атқарып келемін.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы - әріптестеріміздің әлеуметтік мәселелеріне бей-жай қарамай, педагог мүддесін қорғауға үлесі көп деп білемін.

Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім-болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым – кәсіподақ ұйымы және халық арасында зор сенімге, айтулы беделге ие ұйым.

Мектеп қызметкерлерінің демалысы мен техникалық қауіпсіздігінің сақталуын бақылау, олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылатын ұйым жұмысы жайында өз тәжірибелеріммен бөлісер болсам, «Келісім алқасы», «Жұмыспен қамту бойынша іріктеу» алқасының, қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіптік одағының кеңес мүшесімін.

Осындай жауапкершілігі жоғары қызметті атқарудағы менің ұстанымым – «Педагог» мәртебесін көтеру, жас мамандарды қолдау, ұлтқа аянбай адал қызмет ету.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.

Қазақта «Адам еңбегімен абыройлы, мінезімен қадірлі» деген сөз бар. Адал еңбек пен салихалы мінез ұштасқан кезде қоғам да, адам да, отбасы да өркендейтіні сөзсіз!

Жаңа Қазақстанды құруда ізімізді басып келе жатқан жастардың болашаққа деген мақсатының айқын, нық қадамдардан тұруына қолдау жасайық!

 

 

М.Қожагелдиева,

М.Әуезов ауданы «№155 ЖББМ» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алматы қаласы.

Жарияланған күні: Сәуір 3, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты