• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МӘСЕЛЕНІ МӘМІЛЕМЕН …

МӘСЕЛЕНІ МӘМІЛЕМЕН ШЕШКЕН ЖӨН

Жалпы өндірістік кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, жұмыс берушілерден олардың еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелерін шешуге, түрлі дау-дамайдың алдын алып, оң шешімін табуына зор ықпалын тигізетін қоғамдық ұйым – бастауыш кәсіподақ ұйымдары екендігі белгілі.

Дегенмен, соңғы уақытта өндірістік кәсіпорындар мен компанияларды айтпағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде басшылар тарапынан Ұжымдық шартта көзделген қызметкерлердің құқықтары мен мүдделеріне немқұралылық танытуынан, еңбекақы мен түрлі әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты дау-жанжалдар жиілеп барады. Мәселен, облыстық білім беру басқармасына қарасты жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда осыған байланысты қызметкерлердың салалық кәсіподаққа жүгініп, мәселелерін шешуге ықпал етуді сұраған арыздары көбейді. Туындаған дау-дамайлардың ақыры соттасуға дейін барып жатқандығы да жасырын емес.

2025 жылдың 27 наурызындағы Атырау қалалық сотының шешімімен «Жалпы білім беретін №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектебі» ММ-нен Махамбет Валерийұлы Дунентаевтің пайдасына 789 576 теңге өндірілді. Жауапкер Махамбет Дунентаевке магистр дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы төлеуге міндеттелді.

Осы жылдың 13 наурызында Мақат аудандық сотының ұйғарымымен медиация дауды тәртібімен реттеу келісімі бекітіліп, «Болашақ» бөбекжай балабақшасы» КМҚК Салтанат Тнибековна Амандаулетованың пайдасына біліктілік санатына төленетін қосымша ақыны 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап төлем айырмасын жүргізу және алдағы кезеңдер үшін айлық ақысына біліктілік санатына төленетін қосымша ақыны төлеуге міндеттелді.

Атырау қалалық кәсіподағына түскен шағым бойынша Атырау қалалық сотының биылғы 28 ақпандағы шешімімен №12 Ф.Досымова атындағы орта мектеп директорының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №153, 8 қыркүйектегі №159 және 15 қазандағы №173 бұйрықтары заңсыз деп танылып, күші жойылған, №12 Ф.Досымова атындағы орта мектебінен А.К.Боранбаеваның пайдасына 205 517 теңге еңбек ақысы өндірілген.

Білім беру саласында әділетсіздікке тап болған өзге де азаматтардың арыз-шағымдарының Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі мен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арқылы Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның күн тәртібінің қарауына ұсынылды. Бұлар сот шешімімен қанағаттандырылғандығы туралы өткен жылы жергілікті БАҚ мен әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа жария болған еді.

Реті келгенде айта кету керек, облыстық салалық кәсіподақ бірлестігі өткен жылы келісу комиссияның мүшелері үшін 8 семинар, 11 қоғамдық бақылау өткізді, 79 арыз бен өтініштер қаралып, 211 құқықтық кеңес берді.

 

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Сәуір 3, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты