• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ОРАЛДА ІX «ДЕНСАУЛ…

ОРАЛДА ІX «ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫН ӨТКІЗІЛДІ

2025 жылдың 18 – 19 наурыз күндері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің спорт сарайында кәсіподақ мүшелері арасындағы облыстық ІX «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді.

Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы – тарихи тамыры тереңге бойлаған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай осы жарысты ұйымдастыру арқылы, барлық білім саласының қызметкерлерін біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттап, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа шақырады!

Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл жарысқа, облысымыздың салалық кәсіподақтарының белсенділері, білім және ғылым саласының әлеуметтік әріптестері мен арнайы шақырылған педагогика саласының және кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосқан ардагерлер қатысты. Барлық аудандар мен қалалық және облыстық білім беру мекемелері, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында іріктеу кезеңінен өткен, ең үздік деп танылған 18 құрама команда спартакиаданың бекітілген ережесіне сәйкес топтарға бөлініп, айналым жүйесі бойынша спорттың 3 түрінен: волейбол, үстел теннисі және дартс ойындарынан бақтарын сынады.

Алғысөз сөйлеген Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев – ІX «Денсаулық» спартакиадасының ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар, шараның мәртебелі қонақтары Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Ақжарқын Темірханова, Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, М. Өтемісов атындағы БҚУ Басқарма төрағасы орынбасары – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Мерген Сүлейменов және Білім саласының ардагері Нұрлан Сабыров жарысқа қатысушы құрама командаларға сәттілік тілеп, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын насихаттауға да қолдау көрсетіп келе жатырғанын атап өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында арнайы шақырылған педагогика саласының және кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосқан ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, білім саласында көп жылдар еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, кәсіподақ жұмысының дамуына елеулі үлес қосқан кәсіподақ мүшесі, Орал қалалық № 9 жалпы орта жалпы білім беретін мектебінің технология пәні мұғалімі Рафаим Есниязовты 60 жас мерейтойына орай Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Волейбол ойынынан: 3 орын – Жаңақала, 2 орын – А.Байтұрсынов атындағы № 10 ЖОББМ, 1 орын – № 19 ЖОББМ құрама командалары, Үстел теннисі ойынынан: 45 жастан жоғары ерлер арасында 3 орын – Ж.Селбаев, 2 орын – М.Дарменов, 1 орын – А. Джумагалиев иеленді. Ал, жас ерекшелігі шектеусіз ерлер арасында 3 орын – Д. Адиев, 2 орын – Н.Қаресов, 1 орын – А.Набиев иеленсе, әйелдер арасында 3 орын – Э.Агасиева, 2 орын – И. Шабдарова, 1 орын – М.Сейфулла иеленді.

Дартс ойыны бойынша 1 номерлі ерлер арасында 3 орын – Қ.Аққалиев, 2 орын – И.Уахитов, 1 орын – С.Насипов иеленсе, 1 номерлі ерлер арасында 3 орын – А.Бисемалиев, 2 орын – Н.Кабишев, 1 орын – М.Жилкишбаев иеленіп, дартыс ойыны бойынша әйелдер арасында 3 орын – Г.Халелова, 2 орын – А.Есенова, 1 орын – Ә.Жұбанова иеленді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: 3 орын – А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ құрама командасы, 2 орынды – Казталов аудандық құрама командасы, 1 орынды – № 19 ЖОББМ құрама командасы иемденді.

Кәсіподақ мүшелері арасындағы ІX «Денсаулық» спартакиадасының жеңімпаздары диплом, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық 18 құрама командаларға облыстық кәсіподақ ұйымының атынан доптар мен «Дартс» жиынтығы табысталды. Сонымен қатар жүлделі орын иеленбеген 15 команданың барлық ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әсем ән мен биге ұласқан салтанатты жабылу сәтінен кейін кәсіподақ мүшелері естелік фото суреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Жарияланған күні: Наурыз 20, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты