• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА …

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА АЛҒЫС АЙТЫЛЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысында білім саласы ардагерлеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынды облыстық білім басқармасы мен Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында білім саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың көп жылғы еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі өлшеусіз үлесі атап өтілді. Облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Ләззат Кзылкулова ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, олардың еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізсе, Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

- Құрметті сала ардагерлері, аяулы әріптестер! Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіздің арқасында саналы ұрпақ өсіп-жетілді, қоғам дамыды. Сол еңбек жолдарыңыз, шыққан биіктеріңіз бізге, кейінгі жас буынға үлкен мектеп, үлгі-өнеге. Жақсының жақсылығын дәріптеу, адамның ел үшін еткен игілікті істерін үлгі ету ежелден бар нәрсе. Біз де осындай іс-шаралар, кездесулер, құттықтаулар арқылы әрдайым сіздердің еңбектеріңізді дәріптеп, мақтанышпен айтамыз, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Мерекелік іс-шарада ардагерлерге бағалы сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді. Сондай-ақ, олардың құрметіне арналып концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, онда жергілікті өнерпаздар ән шырқап, көңіл көтерді. Кездесуде ардагер ұстаздар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жас әріптестеріне ақыл-кеңестерін айтты. Олардың әрқайсысы білім беру саласындағы өз жолы туралы қызықты әңгімелер айтып, болашақ ұрпаққа деген сенімдерін білдірді.

Ардагер ұстаз, облыстық білім басқармасын басқарған басшылар Бәтес Егембердиева мен Сұлушаш Құрманбекова әулиеаталық ұстаздар талай мықты тұлғаларды тәрбиелеп шыққанын, білім мекемелерінде қызмет ететін әр ұстаздың орны ерекше болғанын айтып өтті. Білім беру жолындағы табандылық пен маңдай тердің жемісін көрген Айман Садыкова мен Жамиля Бекбатырова да тағылымды ойларымен бөлісіп, әріптестеріне жүрек жарды тілектерін жеткізіп, ризашылығын білдірді. Ардагер-ұстаз Гүлнар Есмаханова да ақжарма тілек айтып, қуанышын жеткізді.

Бұл күні ардагерлер өздерін ерекше сезініп, көптен бері кездеспеген әріптестерімен жүздесіп, жақсы әсер алды. Жамбыл облысындағы білім саласының ардагерлеріне арналған бұл іс-шара – ұстаздар еңбегін ұлықтаудың жарқын көрінісі болды. Мұндай шаралардың өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметін арттырып, білім беру саласының дамуына зор үлес қосары сөзсіз.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Наурыз 7, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты