• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📚Ұстаз болу жай ғана бір кәсіптің етегінен ұстау емес, оған үлкен жүрекпен келу керек секілді. Себебі мұғалім сабақ беріп қана қоймайды, алдына келген тал шыбықтай жас өренді үлкен өмірге қанаттандырып, тәрбиелейді.

📖Сабағын бір сарындылыққа ұрындырмай, оқушыны ынта-ықыласпен тыңдата білу ұстаздың ізденімпаздығымен, жаңашылдығымен байланысты екені белгілі.

📂Ақтөбенің Хромтау ауданында беделіне кірбің түсірмей, өз кәсібін адал ұстанымда атқарып жүрген ұстаздар жетерлік. Солардың қатарында Бөгетсай мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байбақтина Назгүл Үсенқызын айрықша атап айтуға болар. Халықаралық әйелдер мерекесіне орайлас болған соң Назгүл Үсенқызы жайлы аз-кем ой қозғағанды жөн санадық.

🖇️Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қызметіне деген адалдығы жас мамандарға ғана емес, барша әріптестері үшін үлгі боларлық.

📗Жиырма бес жылға жуық ұстаздық еткен оның үлкен жеңіске, жетістікке жетуіне мектеп басшылығы мен әріптестерінің де қосқан үлесі зор. Назгүл Байбақтинаның қоғамдық және педагогикалық жұмыстары мектеп басшылығы тарапынан лайықты бағаланып келеді. Ұстаздың білім беру саласындағы тынымсыз еңбегі еленіп, жемісті еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болды. Мектептің ұлағатты ұстазы ретінде Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

📝Иә, ұстаздардың барлығы шәкірттерінің биіктен көрініп, жақсы азамат болғанына қуанады, шәкіртімен мақтанады. Назгүл Байбақтина да дәл солай, білім берген оқушыларының жетістіктеріне шаттанып, көп жылғы еңбегі мен маңдай терінің ақталғанына шексіз риза. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, аталған білім ордасының оқушылары да білім бәйгесінде топ жарып жүр. Білікті шәкірттер облыстық, қала берді республикалық сайыстарда марапат төрінен көрініп, жүлдемен оралуда.

🖊️Ұлағатты ұстаз, өз ісінің шебері Назгүл Үсенқызының өмір тәрбиесі, ізгілікті ісі шәкірттеріне үлгі-өнеге деп білеміз. Жаңалыққа жаны құмар, өз мамандығын жан-тәнімен сүйген, «өзің үйрене жүріп, өзгені үйрет» деген ұстанымы бар кейіпкеріміздің толағай табыстарға жете беретіндігі күмән туғызбайды…

Жарияланған күні: Наурыз 6, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты