• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС МА…

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ЖАС МАМАН?

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің болашағы. Жастардың білімді, білікті, адал әрі жауапты болуы – еліміздің болашағы үшін аса маңызды. Осы ретте, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының жастар қанаты аудандық білім бөлімінің қолдауымен еңбекке жаңа араласып, өтілін енді бастаған ұстаздарға арналған «Қалың қалай, жас маман?» атты педагогикалық, әдістемелік, психологиялық, кәсіподақтық қолдау сағатын өткізді.

Ынтымақ пен ізденіске толы тренингтермен басталған іс-шара республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы, Абай атындағы шағын орталықты мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айнұр Тәтібекованың тамаша сұхбатымен жалғасты. Тағылымды ұстаз кейінгі жас мұғалімдерге өзінің еңбек жолындағы үлгі боларлықтай естеліктер, тілектер айтып, ұстаз мамандығын бағалай білуге шақырды. Жас мамандар үздік педагогтың өмір жолы мен педагогикалық тәжірибесі туралы сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Келесі бөлім «Педагогикалық колейдоскоп» деп аталды. Мұнда жастарға бүгінгі күнгі білім беру жүйесіне қойылатын талаптар мен құндылықтар туралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Райхан Каландарова шеберлік сынып көрсетті. Келесі кезекте кәсіподақ ұйымының жастар қанатының мүшелері Д.Құдыс, Т.Жәнділда, Е.Қонысбаев өз жұмыстарының бағыттарымен, еңбек шарты және оны мәні, кәсіподақтың жастар қанатының ұйымдастыратын қолдау шаралары мен болашақта атқаратын жұмыстарын таныстырды.

Еркін форматта өтіп, жас мамандар толғандырып жүрген мәселелерге жауап таба білген іс-шара соңында жас мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Олар мұндай шаралардың жаңадан келген ұстаздарға үлкен көмек беретінін, жұмысқа деген ынтасын арттыратынын атап өтті. Әсіресе, тәжірибелі ұстаздармен кездесу, олардың кеңестерін тыңдау жас мамандар үшін өте маңызды екенін жеткізді.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Ақп. 25, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты