• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТАРАЗДА ПЕДАГОГТАРҒ…

ТАРАЗДА ПЕДАГОГТАРҒА КОНКУРСТЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАРДЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тәжірибеде жүзеге асыру мәселелері Таразда өткен семинарда кеңінен талқыланып, түсіндірілді. Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Біріккен комитетінің ұйымдастыруымен өткен семинарға мекеме басшылары мен басшы орынбасарлары, бастауыш ұйым жетекшілері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков педагогтарды аттестаттау мәселесіне тоқталды. Ол өз сөзінде аттестаттау педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудың және білім беру сапасын жақсартудың маңызды құралы екенін атап өтті. Аттестаттау ережесіне жаңа қағидалардың енгізілуі педагогтердің біліктілігін бағалаудың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін, ал кәсіподақ тарапынан педагогтерге аттестаттау процесінде құқықтық әрі әдістемелік қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Семинарда Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда қамтылуы тиіс мәліметтерді айта келе модератор конкурстың мерзімі мен комиссия құрамына тоқталды.

- Конкурсты өткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссияның құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің немесе білім беру ұйымының әдіскерлері, білім беру саласындағы азаматтық қоғам өкілі, аудандық немесе қалалық білім бөлімінің мамандары, педагогтер, байқаушы кіреді. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі, - деді Әлия Джолшибекова.

Сондай-ақ, әңгімелесу өткізу кезінде конкурстық комиссияның отырысы аудио-бейнежазбамен сүйемелденетінін, ол жазбалар бір жыл бойы сақталатынын да ескертіп өтті.

Семинар барысында қатысушылар жаңа қағидалардың негізгі аспектілері, аттестаттау кезеңдері және педагогтердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат алды. Кейбір мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, аттестаттау процесіне қатысты туындаған мәселелер талқыланды.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Ақп. 20, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты