• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КЕЗЕКТІ ОБЛЫСТЫҚ КӨ…

КЕЗЕКТІ ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Тұрар Рысқұлов ауданындағы №6 мектеп-гимназияның мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақтың бірлескен көшпелі семинар-кеңесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты - білім саласындағы еңбек қатынастарының нормаларын, «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тәжірибеде жүзеге асыру мәселелерін түсіндіру болды.

Семинар барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жан-жақты талқыланды. Әсіресе, ұжымдық шарттарды орындау кезіндегі туындайтын қиындықтар мен оларды шешу жолдарына ерекше көңіл бөлінді. Жанболат Орынбеков аттестаттау процесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Аттестаттау комиссиясының құрамына қойылатын талаптар мен комиссия мүшелерінің жауапкершілігі түсіндірілді.Сондай-ақ, аттестаттаудан кімдер босатылатынын айтты.

- Біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтар, «педагог-шеберлер» педагог білімін бағалауды тапсырудан босатылып, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.Ал жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады, - деді Жанболат Орынбеков.

Ал құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова білім беру ұйымдарындағы басшылар мен педагогтарды тағайындаудың заңнамасын толық түсіндіріп, заң және ұжымдық шарт талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Семинар соңында білім беру мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының төрағалары алған ақпараттың практикалық маңызы зор екенін атап өтті. Әсіресе, еңбек заңнамасындағы өзгерістер, педагогтарды аттестаттаудың жаңа тәртібі және басшыларды тағайындаудың қағидалары бойынша түсіндірулер аса пайдалы болды. Қатысушылар бұл білімдерді өз жұмыстарында тиімді пайдаланып, ұжымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсартуға күш салатындарын жеткізді.

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Айнұр Баймұратова семинардың қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертпелер жинақталып, олардың негізінде білім беру мекемелерінің жұмысын жақсартуға бағытталған шаралар қабылданатынын айтып, кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша өз жұмысын одан әрі жалғастырады деді.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Ақп. 18, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты