• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • САРЫСУ АУДАНЫНДА КӘ…

САРЫСУ АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының оқу-әдістемелік орталығының басым жұмыс бағыттарының бірі - сала қызметкерлері мен кәсіподақ активін өзекті әрі қажеттіліктері мен сұраныстарына сай біліммен қаруландыру болып табылады. Осы мақсатта Сарысу ауданында «Еңбек және салалық заңнаманы, әлеуметтік әріптестік актілерін тәжірибеде қолданудың бірқатар сұрақтары» тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өтті.

Семинарға білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, аттестацияға, конкурсқа жауапты басшы орынбасарлары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, аудандық білім бөлімінің қаржы-экономикалық, әдістемелік және кадр қызметінің мамандары қатысып, барлығы 120 сала өкілі оқумен қамтылды.

Жиынды ашқан аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов семинар-кеңестің модераторларымен таныстырып, сөз кезегін Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбековке ұсынды. Ерұлан Сәбенұлы салада шынайы әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттар жасау мен оның орындалуын қамтамасыз ету, сала өкілдерінің құқықтары мен мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауда өзара мәмілеге келе білудің жақсы үлгісі қалыптасқандығын айтып, 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Ұжымдық шарттардың мазмұнына тоқталды.

Семинардың негізгі бөлімінде Кәсіподақтың облыстық ұйым төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков педагогтерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарына енген өзгерістерге тоқталып, олардың маңыздылығы туралы айтты. Ал Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тәжірибеде жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.

- Әлеуметтік кодекстің 103 бабы 2 тармағы жұмыс берушіні бос орындар пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасына еңбек жағдайлары мен төлемін көрсете отырып орналастыруға міндеттейді. Тәртіпке сай шағын жинақты мектептерді қоспағанда педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарына мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді. Егер шағын жинақты мектептің бос лауазымына екі және одан да көп кандидат үміткер болған жағдайда қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, 135 бапқа сәйкес үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес болған жағдайда, Кодекстің 38-бабына сәйкес жұмыс берушінің тиісті актісін шығару жолымен педагогті бір білім беру ұйымының ішінде бір лауазымнан екінші лауазымға ішкі ауыстыруға жол беріледі, - деді құқықтық қызмет басшысы.

Семинар-кеңес соңында сұрақ-жауап сағаты өтіп, қатысушылар жұмыс барысында туындайтын сұрақтарға жауап алды.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Ақп. 17, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты