• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ОЙЫЛ АУДАНЫ: АТҚАРЫ…

ОЙЫЛ АУДАНЫ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ, АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

🔹Ақтөбенің Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелігімен қамту, кәсіподақтарға жаңа әрі тың күштер тартуда бірқатар пәрменді шаралар жүргізілуде. Ынталандыру жұмысы да өзінің оң нәтижелерін беруде. Статистикалық есеп бойынша аудандағы 33 бастауыш ұйымға 1676 кәсіподақ мүшесі біріккен. Әлеуметтік әріптестік арқылы ұжымдық шарттар жасау мен оның орындалуын қамтамасыз ету, сала өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауда өзара мәмілеге келе білудің жақсы үлгісі қалыптасқан. Бұл туралы аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлмира Избағамбетованың жылдық есебінде айтылды.

💬- Аудандағы білім мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымы өз ұжымдарында тұрақтылықты қалыптастырып, ыңғайлы орта құруда басты рөл атқарып отыр. Бастауыш ұйымдар тиімді әлеуметтік серіктестікті ұйымдастырып, ұйымның әр мүшесіне көңіл бөліп, олардың шығармашылық дамуына жағдай жасауда. Кәсіподақ ұйымының ең қуатты құралы – ұжымдық келісімшарт. Қолданыстағы келісімшарттар Еңбек кодексіне сай жұмыс берушілер мен кәсіподақтар тарапынан қаралып, өзіндік талаптары мен шарттары бекітілді. Ұжымдық шарт негізінде білім қызметкерлерінің жалақылары уақытылы төленіп, кезекті еңбек демалысы, сауықтыру жәрдемақысы дер кезінде беріледі. Сондай-ақ, биыл білім беру мекемелері мен ұйымдарында еңбек нормаларын сақталуына байланысты қоғамдық бақылау мен тексеру жүргізіліп, орын алған заңбұзушылықтарға ескертулер берілді, - деді аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Избағамбетова.

📃Кәсіподақ төрағасы Гүлмира Избағамбетованың келтірген мәліметі бойынша, 2024 жылдың аудандық ұйымға кәсіподақ мүшелерінен 42 өтініш түсіп, жалпы 7 құқықтық қызмет көрсетілген. Су тасқыны кезінде аудандық ұйым 25 кәсіподақ мүшесіне 2 000 000 теңге қаржылай көмектесті. Шипажайларға және тарихи-танымдық саяхатқа 126 кәсіподақ мүшесі барып, 9 116 500 теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ, 7 мектеп, 5 мектепке дейінгі ұйымдарда қоғамдық бақылау жасалды. Бұл бақылау еңбек заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету, еңбек қатынастарының дұрыстығын қадағалау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында жүзеге асырылды.

📝Одан бөлек төраға Г.Избағамбетова әлеуметтік әріптестік, құқықтық қорғау аясындағы жарғылық міндеттермен қатар сала өкілдерінің құқықтық сауатын арттыру, еңбек қауіпсіздігі шараларын күшейту, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, жастармен жұмыс, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына жағдай жасау шараларына егжей-тегжейлі тоқталды.

🔰Жиынға қатысқан Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Ақтөбе облысының білім басқармасы мен облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының арасында 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім, салалық кәсіподақ қозғалысының алдындағы міндеттер мен мәселелер туралы баяндады. Сондай-ақ, кәсіподақ көшбасшысы Раушан Серікова кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктерін арттыра түсу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыстық ұйым төрағасы кәсіподақтың негізгі жұмысы мәдени-көпшілік шаралар мен сауықтыру емес, әрбір кәсіподақ мүшесінің еңбек құқығы мен кәсіби мүддесінің сақталуы, еңбек дауларының алдын алу, жұмыс беруші мен жұмысшы арасын әлеуметтік әріптестік арқылы дәнекерлеу екенін түсіндірді.

⚜️Шара соңында білім саласының дамуына үлес қосқан кәсіподақ мүшелері марапатталып, шипажайға сертификаттар табысталды.

✅Айта кетейік, жиынға әлеуметтік әріптестер мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

❇️Басқосудан соң кәсіподақ өкілдері Ойыл кәсіптік колледжінің, Ойыл ауданындағы педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің, Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің, “ Балдырған” бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымына қоғамдық бақылау жүргізіп, әдістемелік көмек берді. Кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді. Жауапты мамандар ішкі еңбек тәртібі мен ұжымдық шарт, өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды. Сондай-ақ, аталған білім мекемелеріндегі кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында облыстық ұйым өкілдері кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе - еңбек адамының құқығын қорғау екенін, жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізе отырып, мұндай кездесулер еңбек ұжымдарында өзекті мәселерді анықтау және шешуде тиімді екенін атап өтті.

Жарияланған күні: Ақп. 14, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты