• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР…

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЗДІК САРАПШЫ

«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өз саласының шеберлері туралы сөз етеміз. Бүгінгі кейіпкеріміз Алкувадова Тілектес Гуралбекқызы Маңғыстау туризм колледжінің Өндірістік оқыту шебері.

«Worldskills Kazakhstan-2017» республикалық чемпионатына «Наубайшы ісі» құзыреттілігімен қатысып, алтын медаль иеленіп, әлемдік чемпионатқа жолдама алған. «Worldskills Abu-Dhabi 2017» әлемдік чемпионатында «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша бағын сынап, жақсы нәтиже көрсетті. Тәжірибе алмасу мақсатында «Worldskills Russia-2017», «Worldskills Belarus-2018» чемпионаттарына қатысқан.

2018 жылдан бастап сарапшы болып «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша жарысқа студенттер дайындай бастады. Сол жылы шәкірті Маркабай Әсем республикалық чемпионаттан 2 жүлделі орынға ие болды және әлемдік жарысқа жолдама алды. «Worldskills Kazan-2019» әлемдік чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті.

2019 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша республика бойынша Бас сарапшы. 2021 жылы педагог-сарапшы санатын алды. Маңғыстау облысының білім басқармасы «Сервис және қызмет көрсету саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы IV Республикалық кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыспен, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2022 жылдан бастап «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша Халықаралық сарапшы болып, әлемдік деңгейде шәкірт дайындап жүр. Республикалық чемпионаттан жүлделі орын алған қатысушыларды халықаралық байқауларға дайындайды.

Швейцарияда өткен «Worldskills-2022 Special Edition», Польшада өткен «Euroskills Gdansk-2023» халықаралық чемпионаттарына еліміздің атынан қатысқан Еркебұлан Махмұтовтың сарапшысы болып, 10 үздік мемлекеттің қатарынан көрінуге септігін тигізді.

Тілектес Гуралбекқызының жетістігі аз емес, 2024 жылы Францияда өткен «Worldskills Lyon-2024» әлемдік чемпионатына Ақтөбелік Азамат Балбердиновпен бірге қатысты.

Жұмыстан тыс уақытта ол өңірде ерікті қызметпен де айналасыды. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінен «Қарттарға қуаныш сыйла» атты акциясына қатысып, «Игі істер марафоны» жобасы аясында «Алғыс хатпен марапатталды.

 

 

Г.Кушанова,

Маңғыстау туризм колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Жарияланған күні: Ақп. 7, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты