• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «КӨҢІЛДІ РOLITECH» …

«КӨҢІЛДІ РOLITECH» ФЕСТИВАЛІ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Біріккен комитеті филиалының Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында достық қатынасты нығайту, әлеуметтік-мәдени жұмыстарды бірлесіп атқару, шығармашылықты дамыту мақсатында оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Көңілді Polytech» фестивалі өтті. Қысқы каникул уақытын тиімді пайдалану мақсатында кәсіподақ ұйымы өткізген іс-шара - «Көңілді оқытушылар» және «Трендтегі ұстаздар» атты ІІ кезеңнен тұрды.

Фестиваль қатысушыларының өнері мен шеберлігін арнайы шақыртылған қонақтар, атап айтқанда, «Білім қызметкерлері кәсіподағының Біріккен комитеті» филиалының есепші маманы Ақжүніс Құрмашева, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Кадралиев пен Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония әншісі Балжан Ділдәбекова бағалап, қазылық жасады.

«Өнерлі педагогтар» атты алғашқы кезеңде топтық би немесе бір өлеңге пародия жасау қажет болса, «Трендтегі ұстаздар» атты екінші кезеңде топтардың алдын-ала түсірілген видеолары ЛЭД экраннан көрсетіліп, көрерменді тәнті етті. Колледж оқытушыларының белсенділігі, жан-жақтылығы, достық қарым-қатынасы мен бірлік негізіндегі шығармашылық әлеуеті байқау бойына сезіліп тұрды. 10 циклдық әдістемелік комиссиясынан қатысқан оқытушылардың орындаған билері, қойылымдары, түрлі-түсті кешке даярлап әкелген дастархандары мен киім үлгілері нағыз ұжымдық ынтымақтастықты көрсетті. Бір сөзбен айтқанда педагогтар өздерін жан-жақты ізденімпаз, креативті, өнерлі, фантазиялары керемет дамыған сегіз қырлы, бір сырлы екендерін тағы да бір сахна төрінде паш етті.

Фестивальге 10 Циклдық әдістемелік комиссиядан 200-ге жуық педагог-қызметкер қатысып, Бас жүлдені «Бағдарламалау пәндері» ЦӘК, І орынды «Математика және информатика пәндері» ЦӘК, ІІ орынды «Құрылыс пәндері», ІІІ орынды «Жаратылыстану пәндері» және «Химиялық технология пәндері» ЦӘК иеленсе, өзгелері түрлі номинациялармен марапатталды.

Фестиваль соңында қазылар алқасы рет ретімен сөз алып, іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылар тыңғылықты дайындалғандығын атап өтіп, ыстық ықыластарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Оқу жылының екінші жартыжылдығын осындай керемет көңіл күймен жалғастырып, шәкірт тәрбиелеуде шаршамай, аянбай еңбек етіп, озат білімгерлер мен үздік мамандар колледж қабырғасынан ұшып шығатынына сенім білдірді.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы

Жарияланған күні: Ақп. 6, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты