• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА…

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

☑️Әйтеке би ауданына сапары барасында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының өкілдері - облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова, мамандар Нұрлан Жетпісбай мен Айжарық Серімбетов Әйтеке би ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде, Әйтеке би көпсалалы колледжінде, М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінде болып, кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында облыстық ұйым өкілдері кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе - еңбек адамының құқын қорғау екенін, жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізе отырып, мұндай кездесулер еңбек ұжымдарында өзекті мәселерді анықтау және шешуде тиімді екенін атап өтті.

Сондай-ақ, кәсіподақ өкілдері 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік жөніндегі екіжақты Келісімге енген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын, іс-құжаттарын зерделеу жұмыстарымен айналысты.

🖇️Одан кейін Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының есепті жиынына қатысты. Шараға аудандық білім бөлімінің өкілдері, бастауыш кәсіподақ төрағалары мен әлеуметтік әріптестер, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

🖊️Есепті жиында 52 бастауыш ұйымға біріккен 2306 кәсіподақ мүшесінің мүдделеріне өкілдік етіп, әлеуметтік әріптестік аясында 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт шеңберінде қызмет көрсететін Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының есебін төраға Зейнел Бекетов баяндады.

📃Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов ұжымдық шарт аясында сала қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы іс-шараларға жіті тоқталды. Сонымен бірге Зейнел Өтеұлы 2024 жылы аудандағы кәсіподақ мүшелерінен 18 жазбаша өтініш түсіп, жеке қабылдауда 24 адам болғанын, кәсіподақ мүшелері үшін барлығы 4 оқу ұйымдастырылып, сауықтыру шараларымен 170 сала қызметкері-кәсіподақ мүшесі қамтылғанын атап өтті.

🗞️Есепті жиында кәсіподақ жарналарының түсуі мен жұмсалуына бақылау жасайтын қаржы-бақылау комиссиясының төрағасы Мәншүк Нұржанова баяндама жасап, қаражаттың мақсатты жұмсалып жатқандығын жеткізді.

📁Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкеткерлері кәсіподақ ұйымының 2024 жылы атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы жылға қойылған міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, ұжымдық шарт туралы, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, кәсіподақтың құқықтық қызметінің пәрменділігі, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және олардың құқықтарын қорғау, кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру бағытында атқарылған мәселелер де назардан тыс қалмады.

📃Еңбек адамының денсаулығына қамқорлық жасау - кәсіподақтың назарынан тыс қалған емес. Облыстық кәсіподақ әр оқу жылының күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулы уақытында сала үздіктерін марапаттап, оларға шипажайларға тегін жолдама ұсынады. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2023 жылы 1610 мұғалім, 2024 жылы 2107 педагог кәсіподақ есебінен шипажайларда демалды. Облыстық ұйымының төрағасы Раушан Серікова ұстаздарды емдеу-сауықтыру шараларымен қамту биыл да кең көлемде жалғасатыны туралы мәлімдеді.

📌Салалық кәсіподақ білім беру ұйымдарындағы өз мүшелерінің құқығын қорғау, еңбек заңдылықтарының сақталуын жіті назарда ұстайды. Өткен жылы бұл бағытта ауқымды жұмыстар жасалды. Облыстық ұйымның еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі маманы Нұрлан Жетпісбай сала қызметкерлерін құқықтық қорғау жұмысына тоқталды.

✏️Басқосуда аудандық білім бөлімінің басшысы Сәулеш Біртаева жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында кәсіподақ ұйымының маңыздылығы ерекше екеніне тоқталды.

✨Шарада олимпиада жеңімпаздарын дайындаған кәсіподақ мүшелеріне облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттары, ақшалай сертификаттары табысталды.

Жарияланған күні: Ақп. 5, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты