• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ …

КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ АЛҒА ЖӘНЕ ХРОМТАУ АУДАНДАРЫНДА БОЛДЫ

🔰Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы өз мүшелерінің бірлігін нығайтып, ұйымдық құрылымдардың қызметін жетілдіру, әлеуметтік серіктестікті дамыту және нығайту мақсатында қаңтар айының 30-31 күндері Хромтау және Алға ауданында болды.

📂Әр ауданға бөлінген кәсіподақ өкілдері Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Раушан Серікова, бас маман, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев, маман Айжарық Серімбетов, еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі маман Нұрлан Жетпісбай 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік жөніндегі екіжақты Келісімге енген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, ұжымдық шарт туралы, кәсіподақ мүшелерінің жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіп, аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын, іс-құжаттарын зерделеу жұмыстарымен айналысты.

🖇️Айта кетейік, бүгінде облыстық ұйымның заңгерлері сала өкілдеріне сапалы құқықтық кеңес беру, заңдардағы өзгерістерді насихаттау, ұжымдық шарт жобаларын әзірлеу мен оның орындалуын қамтамасыз ету, еңбек қатынастарындағы әртүрлі түйткілдер бойынша құзырлы органдармен хат алмасу, соттарға талап-арыздар әзірлеу мен сала өкіліне өкілеттік ету бойынша еселі еңбек етуде. 2024 жылы облыстық ұйымға 3418 ауызша, жазбаша арыз-өтініштер түскен, келіссөздер арқылы 7 жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарудың алдын алу және 21 келісу комиссиясында қарау бойынша көмектер көрсетілді. Экономикалық тиімділікке негізінен Д санатындағы азаматтық қызметшілер қатарындағы техникалық қызметкерлерге қосымша демалыстар беру есебінен қол жеткізілді. Кәсіподақ мүшелеріне заңсыз ұсталған немесе төленбеген 55 378 667 теңге ақшалай қаражат қайтарылды. Іссапар шығындарын дұрыс төлемеу, зейнет жасына жетіп еңбек шарты бұзылған қызметкерлерге өтемақы төлемеу және тағы басқалар мәселелер шешімін тапты.

📉Кәсіподақ өкілдері Хромтау, Алға аудандарына сапары барысында Алға индустриялық-техникалық колледжінде, Алға гимназиясында, №4 Алға орта мектебінде, №1 «Еркетай» балабақшасында, №2 «Айгөлек» балабақшасында және №4 Хромтау орта мектебінде, №5 «Ақбота» балабақшасында еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді. Жауапты мамандар ұжымдық шарт, ішкі еңбек тәртібі мен өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды.

🗞️Кәсіподақ мүшелері еңбек өтілі және оған байланысты еңбек демалысын беру, қоса атқарылатын жұмыс кезінде туындайтын мәселелер, біліктілік санатын алу тәртібі, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы, нормативтік оқу жүктемесі, материалдық көмек көрсету сияқты көптеген сұрақтар қойып, нақты жауап алды.

Жарияланған күні: Ақп. 3, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты