• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

📝Бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Шәкірттерімен бірге оқу-тәрбие процесін жаңаша ұйымдастыруда, олардың шығармашылық таным-қабілеттерін дамыта отырып, жеке ерекшеліктерін де таныта білетін ұстаздардың бірі - Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылы Еңбек негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, кәсіподақ мүшесі Тегисова Гүлден Маратқызы.

✏️Он екі жылдан бері ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Гүлден Маратқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнады. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Гүлден Маратқызының өмірі – болашақ ұрпақ үшін үлкен өнеге.

📍Тегисова Гүлден Маратқызы - 1980 жылы 18 ақпанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Темір бекетінде дүниеге келген. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін "Бастауыш білім беру" мамандығын бойынша бітірген. 2008 жылы еңбек жолын Еңбек мектебінде кітапханашы қызметінен бастап, 2014 жылдан бастап мұғалім қызметін атқарып келеді.

🖊️Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қызметіне деген адалдығы жас мамандарға ғана емес, барша әріптестері үшін үлгі боларлық.

🖇️Гүлден Маратқызы – балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оң бағытқа жол сілтер ақылшысы, кез-келген сәтте көмек қолын соза білетін қамқор ұстаз бола білді. Мұның өзі тәжірибелі ұстаздың тағы бір қырын айқындай түскендей. "Бұлақ көрсең, көзін аш" демекші, қаншама баланың өмір айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем берді. Оқушыларын аудандық, облыстық түрлі жарыстар мен сайыстарға жиі қатыстырады. Білім додасында бақ сынаған шәкірттері жүлделі орындармен оралып, апайының үмітін ақтай білді.

📚Ұстаздың білім беру саласындағы тынымсыз еңбегі еленіп, жемісті еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болды.

💬Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Сондықтан бастауыш мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты,- дейді ұстаз.

Жарияланған күні: Қаң. 27, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты