• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ТҮБЕКТЕ БІР МЕКТЕП…

«ТҮБЕКТЕ БІР МЕКТЕП БАР АСҚАҚ АТЫ...»

Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 жылдық мерейтойына орай «Түбекте бір мектеп бар асқақ аты...» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылды. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған мерейлі кешке Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиев, Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысының орынбасары А.Тұржанова, Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы басшысының міндетін атқарушы Ж.Жұмабаева, Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі басшысы А.Утесбаева, «Қазақстандық оқу ағарту, ғылым және білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Т.Баймбетова, Маңғыстау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ө.Есболат, Ақшұқыр ауылы әкімі Ж.Еркебұлан, сондай-ақ Түпқараған ауданы мекеме басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагер ұстаздар мен ата-аналар, мектеп түлектері мен оқушылар қатысты.

Салтанатты шара барысында мектеп жетістіктері туралы композициялық қойылым көрсетіліп, «Он жылдық өрлеу: тарихқа айналған табыстар» тақырыбында арнайы дайындалған деректі фильмнің тұсауы кесілді. Фильмде мектептің ашылуынан бастап бүгінге дейінгі тарихи сәттер мен маңызды оқиғалар, педагогикалық ұжымның жетістіктері, оқушылардың білім мен өнер саласындағы табыстары баяндалды. Іс-шараның сәнін арттыра түскен мектеп өнерпаздарының, бұрынғы мектеп мұғалімдері мен түлектері концерттік бағдарламасы көпшілікке рухани серпіліс сыйлады.

Құрметті қонақтар сөз сөйлеп, Ақшұқыр мектеп-лицейінің аймақтық білім берудегі маңызды орны мен жетістіктерін жоғары бағалады. Олар ұжымды мерейтойымен құттықтап, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие берудегі үздіксіз еңбектеріне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ мектептің болашақта одан әрі өркендеп, өңірдегі көшбасшы білім ордасы ретінде сақталып қалатынына сенім білдіріп, педагогикалық ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.

«Қазақстандық оқу ағарту, ғылым және білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Т.Баймбетова құттықтау сөзінен кейін, мектептің ардагер ұстаздары Ж.Ешманова, Ж.Юсупова және мектеп басшысы Қ.Қалиқызына Салалық кәсіподақтың «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелерін салалық кәсіподақтың және Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы атынан «Құрмет грамоталармен» марапаттады. Мектеп басшысына шипажайға жолдама берілді.

Шара аясында мектептің 10 жылдық тарихында табанды еңбек етіп, ерекше жетістікке жеткен мұғалімдер мен қызметкерлер «Үздік мұғалім», «Үздік орынбасар», «Үздік дарындылар жетекшісі», «Үздік олимпиада жетекшісі», «Үздік бапкер», «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік ғылыми жобалар жетекшісі», «Үздік қызметкер», «Үздік оқушы», «Үздік көшбасшы» сияқты номинациялар бойынша арнайы марапатталып, оларға Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл номинациялар ұстаздардың, оқушылардың және мектеп ұжымының қажырлы еңбегін жоғары бағалаудың көрінісі болды.

 

Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық кәсіподақ филиалы

Жарияланған күні: Жел. 23, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты