• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК Б…

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМ АНЫҚТАЛДЫ

Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген жаңа «Оқушылар үйінде» Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымының үздіктерін анықтауға бағытталған «Үздік кәсіподақ көшбасшы - 2024» байқауы болып өтті. Әр жылды қорытындылаудың маңызды іс-шараларының бірі саналатын аталмыш байқау дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Қала және аудандардағы іріктеуден өтіп, облыстық кезеңге жолдама алған қатысушы, аймақтың білім беру мекемелеріндегі бастауыш ұйымдардың төрағалары өзін-өзі таныстыру, қолданыстағы заңнамалар мен ситуациялық сұрақтарға жауап беру, өз өнерін көрсету секілді сынақтардан өткізілді.

Байқауға кәсіподақ саласының тәжірибелі мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қазылық етті.

Байқау нәтижесімен үздік бастауыш ұйымдарының көшбасшылары анықталып, арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нақтырақ айтсақ, Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, математика пәнінің мұғалімі Балмаханова Айнур Ергалиевна 1-орынды, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мампаев Алмат Құбанайұлы 2-орынды, Арал ауданындағы №260 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кульниязова Кульмараш Жумабаевна 3-орынды иеленді.

Шара барысында Кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығына орай Облыстық кәсіподақ комитетінің 23-29 қыркуйек аралығында облыстық апталық барысында өткізілген «Бірлік бейнесі» атты бейнеролик байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Бұл сында үздік нәтиже көрсеткен Арал, Шиелі, Қармақшы және Жалағаш аудандарының ұстаздарының белсенділігін айта кету керек.

Сонымен қатар, жүлделі III орынды Қызылорда қаласы "Сыр дидары" бөбекжай-бақшасы, II орынды Арал ауданы №283 орта мектебі, I орынды Қызылорда қаласы С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі иеленді.

Бұған қоса, «Үздік әдістемелік кабинет» байқауының жеңімпаздары да марапат төрінен көрініп, ерекше құрметке бөленді.

Дәстүрлі іс-шара Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.

Облыстық Білім кәсіподағының төрағасы Гүлнар Бабабекқызы барлық жеңімпаздарды құттықтап, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан әріптестерге алғысын білдірді.

Жарияланған күні: Жел. 19, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты