• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АҚТӨБЕДЕ ЖЫЛ ҚОРЫТЫ…

АҚТӨБЕДЕ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

✨Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2024 жылды қорытындылады. Облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында өткен салтанатты шарада облыстық кәсіподақ төрағасы Раушан Серікова жыл бойы кәсіподақ тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, үздіктерді марапаттады.

💬— Бүгінгі таңда білім және ғылым кәсіподағы мүшелерінің саны 33 мыңға жуықтайды. Біздің басты негізгі мақсатымыз — әр кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік-азаматтық еңбек құқықтарын қорғау.

Былтыр кәсіподақ ұйымы 3200-ден астам педагогке құқықтық кеңес берсе, биылғы жылы 3500-ға жуық кәсіподақ мүшесіне құқықтық көмек көрсетілді. Кәсіподақтың ықпалымен өңір ұстаздарының пайдасына көлемді қаражат өндіріліп, жылдар бойы төленбей келген үстемеақылары қайтарылды.

Кәсіподақ мүшелерін емдеу-сауықтыру орталықтарына жіберіп отыру да — біздің негізгі бағыттарымыздың бірі. Өткен жылы кәсіподақтың 1700-ге жуық мүшесі еліміздің емдеу-сауықтыру орындарында демалып денсаулығын түзесе, биыл жыл басынан бері 2100-ден астам білім қызметкері сауықтыру шараларымен қамтылып отыр. Кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау, әлеуметтік-материалдық тұрғыда қолдау шаралары үзілген жоқ”, - деді Р.Серікова.

⚜️Салтанатты шарада кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан мерейлі жас иелері - кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ ардагері марапатталып, ақшалай сыйақылар табысталды. Сонымен қатар, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының үздік кәсіподақ мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да сый-құрметке бөленді.

✅«Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» тақырыбындағы дәстүрлі шара аясында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу мен сапалы білім беру ісіндегі табысты еңбегі үшін кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақ ұйымы мен білім басқармасының бірлескен Алғыс хаты және емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдама тарту етілді.

🔰Айта кетейік, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының дәстүрлі марапаттау шарасы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жүз жылдығы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Лайықты еңбек жылы» аясында ұйымдастырылып отыр.

Жарияланған күні: Жел. 19, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты