• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН…

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ СОТТА ҚОРҒАЛДЫ

Өткен жылдың тамыз айында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, аймақтың білім беру мекемелерінде жұмыс жасайтын 176 кір жуушы заң аясында өз еріктеріне сай бір ай мерзімге Атыраудағы екі колледжде ақылы негізде оқытылғаны, кейін олар емтихан тапсырып, арнайы 4-ші разрядты «Кір жуу операторы» деген куәліктерін алғандығы, сөйтіп, бұл мамандар биылдан бастап азаматшылық қызметкерлер қатарына жатқызылып, оларға 4 разрядқа қосымша қаражат төленетін болып келісілгендігі туралы БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде ақпарат жария болған болатын.

Облыстық білім басқармасы мен салалық кәсіподақпен болған арадағы Салалық әлеуметтік әріптестік келісімінде де осы мәселе енгізілді. Алайда, кейін облыстық білім басқармасының жаңа басшылығы бұл шешімге наразылық білдірді. «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі осы мәселеге орай облыстық білім басқармасы басшылығы үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бюджеттік департаментінен қатынас хат та алдырды. Бірақ, білім басқармасы басшылығы бұл шешімдерді де орындаудан бас тартты, Сөйтіп, облыстық қоғамдық бірлестікті өзінің қатарындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін амалсыз облыстық сотқа жүгінуге мәжбүрледі.

Айта кету керек, салалық кәсіподақ бірлестігі бір жыл бойына үлкен сергелдеңге түсті.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы шешімімен талап қоюшы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану, тиісті шараларды қабылдауға мәжбүрлеу туралы талап қоюы қанағаттандырылатын болған еді.

Жауапкер «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас тарту әрекеттері заңсыз деп танылды. Білім беру басқармасының Атырау облысы бойынша білім беру ұйымдарының кір жуу машиналарының операторларына еңбек ақыларын коэффициентті ескере отырып есептелуіне, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы берілуіне, лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуіне бағытталған тиісті шараларды қабылдау мәселесін Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің және өзге де заңнамасының талаптарын сақтап, қайта қарау жолымен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру міндеттелген-ді.

Жақында Атырау облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану, тиісті шараларды қабылдауға мәжбүрлеу туралы қаулы шығарып, ол 25 қарашадан бастап заңды күшіне енді.

Сөйтіп салалық кәсіподақ бірлестігі кір жуушы операторларға тиісті бір айлық сауықтыру қаражатын және зиянды, қауіпті, ауыр еңбек жағдайларында еңбек еткені үшін 6 (алты) күн жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына облыстық бюджеттен 30 млн теңге қаражат бөлінуіне қол жеткізіп отыр.

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Жел. 6, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты