• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕС…

ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік тамшысы мен бойында қарым-қабілеті болса, ол соны аша білген мұғалімнің еңбегі. Оқушының қандай да бір жеткен жетістігі болса, ол ең әуелі ұстазымен бірлесіп жасаған жұмысының арқасы.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Ақтау қаласындағы «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есжанова Назгүл Амангелдіқызы – ұстаздық жолында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, әр баланың биіктен көрінуіне ерекше ден қойған жан. Жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен болатын түрлі байқаулар мен олимпиадаларға шәкірттер дайындауда еш аянып қалған емес. Оқушысының білім көкжиегінен көрінуі жолында бойындағы бар күш-жігерін сарпыған ұстаздың еңбегі өлшеусіз. 2016 жылы Алматы Менеджмент Университетіне түсіп, «Оқу процесін тиімді ұйымдастырудың әкімшілік аспектілері» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғап, 2018 жылы магистр дәрежесін алды.

Білім ошағында үздіксіз еңбек еткен Назгүл Амангелдіқызы – оқу әдістемесін жақсы меңгерген, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін шығармашылық пен ізденістер жолында таныта білген білікті маман. Ол басшылық қызметте абыройлы жұмыс атқарып жүріп, оқушылардың да дара ерекшелігін ескеріп, шығармашылық қабілетінің дамуына үлес қосуда. Бұған дәлел ретінде ұстаздың екі жылдан бері бастауыш сынып білім алушылары мен мұғалімдері арасында апробациядан өткізіліп жатқан «Жаңа апта – жаңа күн» атты жобасын айтуға болады. 2024 жылдың 27 наурызы күні «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты қалалық семинарда аталған жоба бойынша іс-тәжірибесі таратылды.

Жобада мұғалімдердің білімді тек сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта үзілістерді тиімді ұйымдастыра отырып түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы бере алатындығы және оң нәтижеге қол жеткізуге болатыны көрсетіледі. Жобаның бағыттары бойынша білім алушыларға білімді жан-жақты қамтып, қызықты түрде меңгерту көзделген. Н. Есжанова – қай жұмысты да бар ынтасымен істейтін жігерлі, еңбекқор, еліміздің тұғырын бекітетін шәкірттерді тәрбиелеу жолында өзіндік әдіс-тәсілі мен жаңа технологияны меңгерген ұстаз.

«Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз»,-демекші, осындай білімді, білікті ұстаздар тұрғанда елімізде дарынды, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиеленіп шыға берері сөзсіз. Қазіргі таңда 31 жыл еңбек өтілі бар Назгүл Амангелдіқызы өзінің тиянақтылығы, ізденімпаздылығы, еңбекқорлығының арқасында аудан, қала, облыс көлемінде еңбегі еленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

 

А.Бисенбаева,

«Ф. Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы

Жарияланған күні: Қаз. 31, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты