• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЕР…

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

Тараз қаласында «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, Париж қаласында өткен XXXIII Олимпиада жеңімпазы Елдос Сметов, облыстық басқарма басшылары, облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, белсенділері қатысты.

Алғашқы болып құттықтау сөз алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев еңбек адамдарын төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

– Қадірменді кәсіподақ мүшелері! Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Кәсіподақ – еңбек адамының құқықтарын қорғау жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды қоғамдық институттың бірі. Сондай-ақ, кәсіподақ – еңбек заңнамасының сақталуымен қоса, еңбек адамның құқықтары мен мүддесін қорғаудың кепілі. Осы ретте, Кәсіподақ – халық қызметшісі десек, қателеспейміз. Бүгінде өңірімізде кәсіподақтың 1420 бастауыш ұйымында 124 мыңға жуық мүшесі бұл міндеттерін абыройлы атқарып, күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына арнап келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінгі кәсіподақ – Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі» деп кәсіподақ ұйымына оң бағасын берген болатын. Сондай-ақ, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Бұл – еңбек адамы ел игілігінің негізі екенін көрсететін маңызды қадам. Ал Еңбек адамына шынайы қолдау көрсету оның еселі еңбегін құрметтеуден, мойындаудан басталады. Бұл игі бастаманы жүзеге асыруға Кәсіподақ қызметкерлері де барынша атсалысады деп сенемін. Мереке тағы да құтты болсын!, - деген облыс басшысы Ербол Шырақпайұлы кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін бірқатар ЕҢБЕК АДАМЫН Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады.

Бұдан кейін облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев құттықтау сөз айтып, кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қоғамдық ұйым белсенділерін «Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Салтанатты жиында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «ЕҢБЕК ОЗАТЫ» төсбелгісімен Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов құттықтап, ұлттық дәстүр бойынша иығына шапан жауып, басына бөрік кигізді.Бұдан соң бірқатар кәсіподақ белсенділерін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады.

Салтанатты жиын соңы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері мерекелік көңіл-күй сыйлаған концертке ұласты.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Қаз. 10, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты