• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚТЫҢ ӨЗ ҰЖЫ…

КӘСІПОДАҚТЫҢ ӨЗ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТЫ БАР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы мен Жергілікті кәсіподақтың еңбек ұжымы арасында 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысында жұмыс беруші және жұмыскерлер тарапы ұжымдық шарт нормаларын талқыланған соң, құжатқа қол қою рәсімі өтті.

Өз аппараты қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдігі, еңбек ақы төлеу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің денсаулығы мен сауықтыру шаралары қарастырылған құжатқа Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков пен құрылтайшысы Кәсіподақтың облыстық ұйымы болып табылатын «Қорғау-Тараз-2005» және «Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС-і басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әлия Джолшибекова қол қойды. Енді алдағы үш жыл бойы Кәсіподақтың жұмыс беруші мен жұмыскерлері арасындағы қарым-қатынастары ұжымдық шартпен реттеліп отырады. Құжатта қызметкерлердің негізгі құқықтары сақталынған, яғни, қауіпсіз еңбек құқығы, жұмыс бабымен көтерілу, лайықты еңбек ақы және ақылы еңбек демалысы.

- Кәсіподақтар ретінде біз әр мекемеде ұжымдық шарттың болуына баса мән береміз. Ұжымдық шарттың өзімізде де болуы аса маңызды. Біз осыған дейін 2018-2020, 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт қабылдаған болатынбыз. Міне, «Кәсіподақтар күні» кәсіби мерекесі қарсаңында алдағы 3 жылға мүшеліктегі барлық кәсіподақ қызметкерлері ұжымдық шарт арқылы қосымша кепілдіктермен қамтылып отыр. Енді ұжым мүшелеріне біліктіліктерін көтеруде ерекше жағдай жасалып, кейбір шығындары жұмысшы есебінен төленетін болады. Қызметкерлердің некеге тұруына байланысты, нәрестелі болғанда немесе бала асырап алғанда, мерейтойларда, жақын туыстары қайтыс болғанда қаржылай материалдық көмек көрсетіледі, - деді Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков.

Ал бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әлия Джолшибекова құжатта жұмысшылардың белгілі бір міндеттемелері де бар екендігін ескертіп, әр қызметкер өзінің тікелей қызметтік функциясын жоғары деңгейде орындау, ішкі еңбек тәртібін сақтау, өздерінің шеберліктерін үнемі шыңдап отыру мен заман талабына сай жұмыс істеу қажеттігін айтты.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Қаз. 8, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты