• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ» МЕ…

«ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Атырау облысының Индербор кентіндегі аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған «Кәсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты тақырыбымен салтанатты жиналыс өтті. Мерееелік шараға облыстың білім беру мекемелері кәсподақ ұйымдары ұсынған үздік ұстаздар мен білім беру саласы қызметкерлері қатынасты.

Сахна төріне көтерілген жүргізушінің әсем музыка әуенімен басталған алғашқы сөзі: – Өзінің өнегелі өмір жолында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет бола білген, саналы ғұмырында өшпес із қалдырған ұлағатты тұлға КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашып жарқырайтыны анық.

Олай болса, бүгінгі қойнауы қасиетті қазынаға толы, дүбірлі Индерде ұлағатты ұстазымызға арналған мерекелі шараға қош келдіңіздер.

Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар,

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, - деп, шараның басталғанынан хабар етті.

Сахна төріне жайғасқан аудандық Рысбай Ғабдиев атындағы оркестрдің орындауында шабытты күйлер орындалып, ұлт зиялыларының мұғалім туралы нақыл сөздерінен ұстаздар монолог оқыды. Осыдан кейін көрермендер назарына 1980 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген КСРО Халық мұғалімі, Алға орта мектебінің директоры Құсиын Айтқалиев туралы деректі кинофильмнен үзінді ұсынылды.

Салтанатты шараға қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзиев, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Орынша Ділмұхашева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Абай Дүйсенбаев облыстың 27 ұстазына –Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев атындағы «Үздік педагогикалық қызметі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Салтанатты жиында аудандық саз мектебінің жас өнерпаздары ұлттық биді нақышына келтіріп, домбырадан күй төгілтті, жергілікті өнерпаз Ерболат Каримов «Ұстазым» әнін бастауы сол екен, бүкіл залдағы ұстаздар орындарынан тік тұрып қосыла кетті.

Осылайша, Халық мұғалімі, Атырау облысының Құрметті азаматы, профессор Құсиын Айтқалиевтың құрметіне арналған мазмұнды жиын көптін көңіліне қуаныш пен шабыт сыйлады.

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі.

Жарияланған күні: Қаз. 7, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты