• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ: ТҰРАҚТЫ …

КӘСІПОДАҚ: ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАУ, ТҰРАҚТЫ ҚҰРМЕТ

Дәл осындай, тақырыппен жуырда атап өтілгелі отырған ұстаздар мерекесі қарсаңында еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың аймақтың 636 ардагер ұстазына жіберген Алғыс хатын тапсыру міндеті тұрған-ды.

Бүгін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы ардагер ұстаздар Камали Сейтов пен зайыбы Үнзила Жангерееваның шаңырағында болып, республиканың бас ұстазының атынан Алғыс хатты табыс етті.

Камали Демесінұлы өзінің алғашқы еңбек жолы 1955 жылы Володар педагогикалық училищесін бітіргеннен соң, сондағы Сорочье бастауыш мектебінде мұғалім болудан басталды. Кейін Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдап, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Қалғұтты ауылындағы Қаратоғай орта мектебінде жалғастырды. 1965 жылдан Гурьев облысы Мақат ауданының Сағыз сегіз жылдық, № 83 теміржол және Хамза Санбаев атындағы орта мектептерінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін ұзақ жыл атқарып, зейнеткерлікке шыққан-ды. Абыройлы еңбегі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен аталып өтілді. Бірнеше мәрте кенттік кеңестің депутаттығына сайланды.

Үнзила Орынбайқызы да ұстаздық еңбек жолы Гурьевтің педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Мақат ауданында жалғасты. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» медальдерімен марапатталып, бірнеше рет халық қалаулысы болды.

Министрдің Алғыс хатын алған ардагер ұстаздар Ғани Бейсембаевқа және осы шараны ұйымдастырған Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашеваға жүрек жарды жылы лебіздерін білдірді. Кездесуде ұстаздар әулетінің отбасылық досы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагер ұстазы Марта Адрисова құттықтады.

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Қыр. 30, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты