• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚ ТҰТ…

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚ ТҰТҚАН КЕМЕЛБАЕВТАР ӘУЛЕТІ

Мұғалімдер әулеті-талқыланатын ерекше тақырып. Бұл отбасының перзенттерінің барлығы педагог мамандығын таңдады. Әулеттің ақылшысы Уалиолда Кемелбаев пен Даметкен апай алты қыз тәрбиелеп, педагогикалық білім алып, алды 40-50 жыл бойы ұстаздық етіп келеді.

Ұстаздар әулетінің білім саласындағы жолын ардақты ұстаз Уалиолда Кемелбаев бастау алады.1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы педагогикалық училищені бітіріп, Қазақ ССР оқу министрлігінің бұйрығы бойынша Ресейдегі Алтай өлкесіне жұмысқа барады. Славгород ауданындағы «Қызыл ту» колхозындағы жеті жылдық мектепте математикадан сабақ беріп, завуч болды. 1960 жылы Өскемен педагогикалық институтының химия факультетін бітіреді. Педагогикалық еңбек жолын математика пәнінің мұғалімі болып бастаған ол көп ұзамай-ақ өзінің біліктілігі мен білімділігін көрсете білді. 1960-70 жылдары Зайсан ауданы Рожков ауылындағы «Сталин» атындағы жеті жылдық мектепте директор қызметін атқарады, осы жылдарында аталған мектепте жұбайы Мальянова Даметкен бастауыш сыныптың мұғалімі қызметін атқарады. Уәлиолда ағамыздың еңбегін бағалап, ата-анамен, оқушылар Уәлдәш ағайды Зайсанның Алтынсарині деп атады.1970-1975 жылдары Октябрьдің 40 жылдығы атындағы орта мектепте директор болды. 1975 жылы Зайсан аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Аудан мектептерінің білім сапасын көтеруіне үлкен ықпал етті.

Білім саласындағы еңбек жолында тікелей өз жұмысын атқарып ғана емес, қосымша әр түрлі мәселелердің шешімін табатын басшы болды. 1985-1995 жылдарда мектеп-интернат директоры қызметін атқарды. Бұл мектепте класс бөлмелері жетіспейтін, оқушы, мұғалімдерімен бірлесе отырып, саман кірпіш құйып мектеп бөлмелерін салды.Оқушыларды еңбекке баулуға көп көңіл бөлетін Зайсан қаласының шетінен жер алып, «Шыңдал» атты оқу практикалық еңбек лагерін ашады.Оныда өз күштерімен дем алатын бөлмелер, асхана, ойын бөлмелері, монша салады. Қосалқы шаруашылық мал, тауық өсіру, жеміс-жидек, қауын-қарбыз, шырғанақ өсірумен айналысты. Мектептің осындай жетістіктерін көрген білім министрі Республикалық семинар өткізуге ұсыныс жасады. Мектептің қосалқы шаруашылығын және мектеп-интернаттағы малшы балаларының тұрмыс-тіршілігін көрсету үшін Республикалық семинар өткізіп, іс-тәжірибесі таратылды.

Уәлиолда аға мен Даметкен апайымыз қырық жылдан астам бірге еңбек етіп. Жарты ғасырлары алтын ұяда өтті. Еселі еңбектері елеусіз қалған жоқ. «За доблестный труд» медалі, Казақ ССР оқу ісінің үздігі, Қазақ ССР Министрінің Құрмет грамотасы және көптеген басқа марапаттардың иелері болды.

Балалардың үлкені, қадірлі ұстаз Багытжамал Уәлиолдақызы – Зайсан қаласындағы № 3 мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеді.1982 жылдан бастап Қарабұлақ ауылында Абай атындағы орта мектепте сабақ берді.1990 жылдардан бастап Алматы қаласының №152 мектепте оқу ісінің орынбасары болды. Қазіргі уақытта құрметті демалыста.

Ризагүл Уәлиолдақызы – математика пәнінің мұғалімі, Астана қаласындағы №7 мектепте, 2006 жылдан бері №59 мектепте математика пәнінен сабақ беріп, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, дарынды оқушыларға арналған «Зерде» мектебінде математика пәні мұғалімі болып қызмет жасап, №60 - мектепте математика пәнінен сабақ береді.

Бақыт Уәлиолдақызы - 1983 жылдан бері Шемонайха қаласындағы «№1 Н.Островский атындағы гимназия» КММ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істейді.

Айгүл Уәлиолдақызы –Зайсан ауданындағы М.Әуезов орта мектебінде география пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2011 жылы «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ директоры болып тағайындалды.

Гүлнар Уәлиолдақызы - ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығында балаларға білім мен тәрбие беру жұмысын атқаруда.

Шынар Уәлиолдақызы - технология, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі. ШҚО ББ «ORKEN» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері.

Апалы-сіңлілі ұстаздар ұстаздық еңбек жолында жарқын жетістіктерге жеткен. Шәкірттерге білімнің шамын жаққан, әр қайсысы жан-жақты еңбегі бағаланып келеді.

Шығыстағы осындай ұлағатты әулеттер ерен еңбектерімен ел құрметіне бөленуде. Олардың әрқайсысының өзіндік дәстүрлері, ұрпақтан-ұрпаққа аманатпен табысталатын педагогикалық қызметтерінің өзіндік құпиялары да бар. Оларға ортақ қасиет – болашақ ұрпаққа деген шексіз сүйіспеншілік!

Мұғалімдер әулеті мейірімділіктің, азаматтық борыштың, мамандыққа деген сүйіспеншілік пен адалдықтың жоғары жетістіктерге ие болғаны, қоғам үшін абыройын арттыратының қуантады.

#Шемонаихабілімкәсіподағы

Жарияланған күні: Қыр. 17, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты