• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КЕЛІСІМНІҢ КҮШІ ҚАН…

КЕЛІСІМНІҢ КҮШІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУҚАРЛЫ?

Байзақ ауданындағы білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және қаржы-экономикалық қызмет мамандарының қатысуымен «Еңбек және салалық заңнаманы, әлеуметтік әріптестік актілерін тәжірибеде қолданудың сұрақтары» тақырыбына арналған семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы арасында 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Ұжымдық шарт нормаларын түсіндіру.

Алғашқы болып сөз алған Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков әлеуметтік әріптестік актілері саналатын Келісім мен Ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, мазмұны мен құрылымы, қолданылу мерзімі және тараптардың жауапкершілігі туралы айтып, оның еңбек қатынастарындағы мәртебесіне де тоқталып өтті.

- Еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармағы 79) тармақшасына сәйкес ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт. Ұжымдық шарттың мазмұнында жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында пайда болатын қақтығыстарды болдырмауды реттейтін талаптардың болуына байланысты еңбек дауларының алдын-алуда тиімді құрал болып табылады. Сонымен бірге, сала қызметкерлерінің еңбек жағдайларын, әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктерін заңмен көзделгеннен де артық жақсарту, оңтайлы етуді мақсат етеді. Біздің салада әлеуметтік әріптестік туралы Келісім 2012-2014, 2015-2017, 2018-2020, 2021-2023 және 2024-2026 жылдарға жасалған. Аталған Келісімдер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркеуден өткен. Былтырғы қаржы-бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жөніндегі мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан білім беру ұйымдарында, аудандық және қалалық білім бөлімдерінде тексерулер жүргізу барысында Ұжымдық шарттағы кейбір нормалардың қабылдануы мен орындалуы бойынша бірқатар сауалдар мен түйткілдер туындаған. Ол нормалардың заңдылығын бүгінде сот арқылы дәлелдеп жатырмыз, - деді Жанболат Орынбеков өз сөзінде.

Семинардың келесі бөлімінде Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова Келісімнің 13 тарауының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жаңадан енгізілген және алынып тасталған нормаларға тоқталды.

- Басшы қызметкерлер, мекеменің әкімшілік-шаруашылық, оқыту-көмек беру және қызмет көрсету құрамының қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттан аспайтын мөлшерлі жұмыс уақытының ұзақтылығы белгіленеді. Білім беру ұйымы өз қызметін алты күндік жұмыс аптасымен, оқу сабақтарын бес күндікте жүргізгенде, жоғарыда аталған қызметкерлердің жұмыс уақыты оқу-тәрбие процесі барысындағы өзгерістерді ескере отырып, жұмыс берушінің актілерімен, ішкі еңбек тәртіп Ережелерімен және әлеуметтік әріптестік актілерімен (Келісімдер мен ұжымдық шарттар) реттеледі және нақтыланады. Ал білім беру ұйымдарының басшыларынан басқа, білім бөлімдерін қоса алғанда, педагогикалық қызметкерлері үшін толық еңбекақы төлемі сақтала отырып, аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығы белгіленеді. Алғашқы әскери және технологиялық даярлықты (АӘД) ұйымдастырушы-оқытушылардың айлық жалақысы жалпы негіздерде есептелетін нақты апталық жүктеме бойынша оқу сағаттарының лауазымдық жалақысынан бөлек қалыптастырылады, - деді заңгер Келісімнің «Жұмыс уақыты және демалыс уақыты» атты 5 тарауын түсіндіргенде.

Семинар соңы аталған Келісім мен ұжымдық шарттарды еңбек заңнамасында қолдану және еңбек қатынастарында туындайтын өзге де сұрақтарға арналған сұрақ-жауап сағатына ұласты.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Қыр. 17, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты