• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КЕЛІСІМ ТЕК КӘСІПОД…

КЕЛІСІМ ТЕК КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНЕ ҒАНА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс, атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек» деген болатын. Біз Президенттің бұл пікірімен қосыламыз» деген Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков Талас ауданында өткен көшпелі семинарда алғашқы сөзбасын Мемлекет басшысының Жолдауына арнаса, келесі ойды 2024-2026 жылдарға арналып жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен ұжымдық шарт мазмұнына арнады.

- Қабылданған Келісім 2024-2026 жыл ішінде қолданыста болады. Келісім жобасын дайындау барысында кәсіподақтың барлық ұйымдарынан ұсыныстар берілді. Олар қаралып, сараланып, қаражатты қажет ететін тұстары есептеліп, білім басқармасымен екіжақты комиссия отырыстарында қаралды. Жаңа Келісімде алдыңғысында көзделген жеңілдіктердің көпшілігі сақталып қалумен қатар, сала қызметкерлеріне қатысты бірқатар жеңілдіктер мен құқықтар ұлғая түсті. Дегенмен, кейбір енбей қалған нормалар да баршылық. Сол өзгерістермен өздеріңізді таныстыру, түсіндіру, талдау мақсатында жиналдық, - деген Ерұлан Мағзымбеков сөз кезегін келесі модераторға ұсынды.

Мұнан соң Жергілікті кәсіподақтың құқықтық бөлім жетекшісі Әлия Джолшибекова құқықтық акт қандай мәтінде қабылданды, қай нормалар түсіп қалды, жаңа қандай жеңілдіктер мен қосымшалар қосылғаны туралы айта келе, олардың барлығы тек кәсіподақ мүшелеріне ғана қолданылатынына ерекше тоқталды.

- Осы Келісімнің күші білім беруді басқару органдарына, білім және ғылым ұйымдарына, жұмыс берушілерге, кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлерге және оған қосылған тұлғаларға ғана қолданылады, - дей келе Әлия Игенбайқызы Келісімнің «Кепілдіктер мен өтемақылар» бөліміне де тоқталып өтті, - Азаматтық қызметшілерге, қызметтік бөлмелерді (үй-жайларын) тазалаушылар мен ғимараттарда кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшыларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілгенде лауазымдық жалақы мөлшерінде емделу жәрдемақысы төленеді, ал мұғалімдердің, қосымша білім беру педагогтарының емделу жәрдемақысының мөлшері оларға демалыс беру күніне сәйкес келетін нақты оқу жүктемесінен есептеледі, ал қызметтерді қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негізде тағайындалып, төленеді, - деп түсіндірді.

Семинар барысында жұмыскерлерді конкурс бойынша қызметке қабылдау мәселелері, педагогтардың аттестациядан өтуі, өзге де сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделеріне қатысты сан сауалға Жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков жауап берді.

Іс-шара соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов пен аудандық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әділ Смағұлов облыстық кәсіподақ аппаратының қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізіп, қажетті ақпараттар бергені үшін ризашылықтарын білдірді.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы

Жарияланған күні: Қыр. 16, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты